Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқаруға Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ тағайындалды.
Өмірбаяны: Н.Қабдықапаров 1970 жылы Атырау облысында туған. Білімі - жоғары, 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Қ.А.Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша дипломы бар.
Еңбек жолын 1994 жылы қалалық балалар ауруханасында анестезиолог болып бастаған. 1996-1997 жылы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-анестезиологы, реаниматологы, 1997-2000 жылдары реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, 2000-2002 жылдары бас дәрігері қызметтерін атқарған. 2002-2005 жылдары қалалық денсаулық сақтау бөлімін басқарды. Әр жылдары қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының басшысы, медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы, медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ Астана қаласы бойынша филиал директоры лауазымдарын атқарған. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиал директоры қызметін атқарып келді.
Естеріңізге салсақ, денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВ 4 айдай қызмет етіп, 17 сәуірде орнын босатқан болатын.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА