Атыраудан Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 30 жүк көлігі аттанды. Үш күн ішінде атыраулықтар 150 тонна гуманитарлық көмек жинаған.
- Қазір ешкімге оңай соғып тұрған жоқ, бірақ осындай қиыншылыққа тап болған Мақтаарал ауданының тұрғындарына қол ұшын беруіміз керек. Қысқа уақыт ішінде бұған бей-жай қарамайтын жандар ең қажетті – киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық заттарды жинап берді, - дейді осы акцияны ұйымдастырушылардың бірі Нұрғиса ІЗБАСАРОВ. – Бұдан басқа, шамамен 10 миллион теңге жиналды.
Жүргізушілердің айтуынша, жолға үш күндей уақыт кетеді.
Естеріңізге салсақ, Өзбекстандағы су қоймасының бөгеті жарылып, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекен су астында қалды. 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор