Атырау, 25 сәуір 20:39
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жеңіс күні саябақта шеру өтпейді

Сурет Бейнежазба
5 113 просмотра

Атыраудағы Жеңіс саябағында 75 жылдыққа орай ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Дуалдар орнатылып, 3800 шаршы метр газон төсеу жоспарланған. Мәңгілік алау айналасындағы мәрмәр тақта жаңартылады. Маңызды өзгерістердің бірі – Ұлы Отан соғысы қаһармандарының - жерлестеріміздің, соның ішінде, Кеңес Одағының Батырлары Боран Нысанбаевтың, Қайырғали Смағұлов пен Георгий Канцевтің, Даңқ орденінің толық кавалерлері Гавриил Шаминнің және Евгений Полыниннің бюсттері бар 14 тұғыр орнатылады. Бұрын олардың есімдері естелік тақталарға ойылып жазылған еді.

- Табиғи граниттен жасалған тұғырлардың әрқайсысы 1,5 тоннадан, Алматыға тапсырыс берілді. Олар әкелініп орнатылды, ал бюсттер әлі жолда. Оларды 9 мамырға дейін орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы Жеңістің 75 жылдығына орай демеушілік қаражат есебінен жүргізілуде. Төтенше жағдайға байланысты Мәңгілік алауға гүл қойылмайды және саябақта шеру болмайды, барлық мерекелік шаралар мен концерттер онлайн режимінде өтеді, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ.

Бұрын орнатылған батырларымыздың есімдері жазылған естелік белгілер карантинге байланысты қоймаларда тұр.

Оларды жөндеу қажет, орнатылғанына 20 жыл болған тақталар әр жерден жарылған.  Оларды Атыраудың басқа қоғамдық орындарына немесе ауылдық округтер мен аудан орталықтарына орнату мәселесі қаралып жатыр. Қалай болғанда да, олардың сақталып, лайықты орнын табары сөзсіз.

Айтпақшы, саябақтың жанына әкімдік жаңадан қоғамдық әжетхана орнатты. Ал жақын маңда стационарлық полиция бекеті бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

6 мамыр 2020, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.