Атырау, 14 мамыр 06:14
 дождьВ Атырау +20.2
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36

Атырауда

Ереже бұзып, ажалға себеп болды Оқиға

Ереже бұзып, ажалға себеп болды

15 шілдеде сағат 14:30 шамасында Атырау қаласы Жұлдыз ы/а көше қиылыстарының бірінде Reno Duster автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шыққан кезде басты жолда келе жатқан ВАЗ-21099 автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Салдарынан Ваз-21099 автокөлігінің 46 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. 16 шілде 2022, 14:23 1 976 рет қаралды
Қой да жоқ, өтемақы да жоқ Атырауда

Қой да жоқ, өтемақы да жоқ

Құрманғазы ауданында өртенген мал сақтандырылмаған, демек, иелері мүлкі үшін өтемақы ала алмайды, - деді онлайн брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Азамат АЙТҚАЛИЕВ. 16 шілде 2022, 14:11 1 809 рет қаралды
Онкология диспансеріндегі ауыр сағаттар Денсаулық

Онкология диспансеріндегі ауыр сағаттар

Соңғы кездері Атырау облыстық онкология диспансерінің жұмысы көпшіліктің сынына ұшырады. Келушілер ұзын-сонар кезекке, түсініксіз талон жүйесіне және күтіп отыру үшін дұрыс жағдай жасалмағанына шағымданады. 16 шілде 2022, 13:42 2 245 рет қаралды
Чапай кетті, Ильич қалды Атырауда

Чапай кетті, Ильич қалды

Кеңес өкіметі тұсында алыс түкпірдегі Гурьевте (Атырау) ХХ ғасырдағы саяси және басқа да қайраткерлердің құрметіне қойылған ескерткіштер көп болмады. Одақ ыдыраған соң бірте-бірте бұзып, алып тастай бастады. Кейбір қала тұрғындары шағын көлемдегі бірнеше бюстіні үйлеріне, жеке ауласына алып кетті. Тек бірнеше мүсіндік құрылымдар ғана Жилгородок ықшамауданынан пана тапты. Он жылдан астам уақыт бұрын олар қаланың әр жерінен әкелінген еді. Сурет 15 шілде 2022, 14:49 1 872 рет қаралды
«Жібек жолы» мен «Ақмаржан» ТҚК үшін жаңа инвесторлар іздестіреді Атырауда

«Жібек жолы» мен «Ақмаржан» ТҚК үшін жаңа инвесторлар іздестіреді

14 шілдеде Атырауда проблемалы «Жібек жолы» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің (ТҚК) үлескерлерімен кездесу өтті. Кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ төрағалық етті. Сондай-ақ, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының, Мемлекеттік сәулет-құрылыс комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының басшылары мен қалалық полиция басқармасының аға тергеушісі М.Қадыров қатысты. 15 шілде 2022, 13:03 1 335 рет қаралды
Атырау облысы білім гранттары бойынша көш бастап тұр Атырауда

Атырау облысы білім гранттары бойынша көш бастап тұр

Биыл Атырау облысындағы колледждер 4116 грант алды – жергілікті бюджеттен 3050, республикалық бюджеттен 1066. Орта техникалық оқу орындарына құжаттар 25 маусым мен 20 тамыз аралығында қабылданады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында облыстық білім беру басқармасы басшысының м.а. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА хабарлады. 14 шілде 2022, 16:52 1 462 рет қаралды
Доссордағы мұнайшыларды тасымалдаушылардың екі аптаға созылған наразылығы аяқталды Атырауда

Доссордағы мұнайшыларды тасымалдаушылардың екі аптаға созылған наразылығы аяқталды

27 маусымда Доссор ауылында басталған «Build Service Com» ЖШС-не көліктерін жалға берушілері мен жүргізушілердің наразылық акциясы 9 шілдеде – «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшылығымен кездесуден кейін аяқталды. 14 шілде 2022, 00:39 1 228 рет қаралды
«Лада Гранта» пойызбен соқтығысты Оқиға

«Лада Гранта» пойызбен соқтығысты

Бүгін, 13 шілдеде Мақат поселкесінен 20 км қашықтықта "Lada Granta" көлігі қозғалыс ережесін бұзып, темір жол өткелінен өтпек болған кезде жүк пойызымен соқтығысты. Салдарынан 44 жастағы Lada Granta жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, 23 жастағы жүргізуші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сурет Бейнежазба 13 шілде 2022, 17:08 1 856 рет қаралды
Бизнес үшін гранттар қалай бөлінетіні түсіндірілді Атырауда

Бизнес үшін гранттар қалай бөлінетіні түсіндірілді

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАНАБЕКОВ кәсіпкерлер үшін мемлекеттік грантты бөлу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Жиынға жергілікті  кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен журналистер қатысты. 13 шілде 2022, 12:53 1 132 рет қаралды
Жилгородок көпірінің жолы толықтай жаңартылады Атырауда

Жилгородок көпірінің жолы толықтай жаңартылады

Жақында Жилгородок көпірі жөндеуден өтіп, ол жердегі шұңқырлар «жамалған» еді. Ал атыраулық көлік жүргізушілері көпірге толыққанды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу керек деп есептейді. Сурет 13 шілде 2022, 09:27 1 277 рет қаралды
Әуезов жолын қалпына келтіру жұмыстары: 300 метр қалды Атырауда

Әуезов жолын қалпына келтіру жұмыстары: 300 метр қалды

Атырауда Жилгородокта соңғы аялдамадан Құрманғазы мәдениет сарайына дейінгі Әуезов көшесінің 300 метрдей жолын қайта қалпына келтіру жұмыстары қараша айына дейін жалғасады. Сурет 12 шілде 2022, 15:40 1 196 рет қаралды