Атырау, 2 қазан 07:41
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Атырауда 150 спорт және балалар алаңы салынады (ТІЗІМ)

1 016 просмотра

Қала тұрғындары жобаға қатысуға – өз ұсыныстарын енгізуге және мердігерлердің жұмысын бақылауға шақырылады.

Көктемде облыс орталығында өткен жылы басталған аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасады. «АЖ»-ға Атырау қаласының әкімі Мейірім ҚАЛАУИ хабарлағандай, 6 млрд теңгеге жуық сомадағы жобаға көппәтерлі үйлердің 100 мекенжайы енгізілген. Жұмыстарды үш мердігер ұйым – «Риголит» ЖШС, «АтырауКөлік», Sheberbuld ЖШС-лері жүргізеді және олар жыл соңына дейін аяқталады.

«Бұдан басқа, биыл тағы 150 ауланы абаттандыруға кірісеміз, ол бойынша қазір жобалық-сметалық құжаттар жасақталып жатыр», - деді әкім. – Бұлар – ескі ойын алаңдары мен спорттық-жаттығу алаңдарын жөндеу немесе жаңадан орнату, аулаішілік өткелдер мен жаяу жүргіншілер жолының асфальтбетон төсемдерін жаңарту, заманауи жарықтандыру шамдарын, орындық және қоқыс жәшіктерін орнату. Кей жерде кәріз жүйесін ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ балаларға арналған шағын сәулет пішіндері түріндегі көркемдік-декоративті элементтерді орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба 2024 жылы аяқталады және көпқабатты үйлердің барлық аулаларын дерлік қамтиды».

Әзірге жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатыр, үйлері айтылмай қалған қала тұрғындары тізімге қосылу үшін әкімдікке өтініш бере алады:

тұрғын үй инспекциясы бөлімінің нөмірі – 8 701 790 2921;

Атырау қаласы әкімдігінің Facebook парақшасы: https://www.facebook.com/atyrauakimat;

Instagram желісіндегі қалалық әкімдік парақшасы: https://www.instagram.com/atyrau_qalasy_akimdigi/.

Қала билігі баршаны жобаға белсене қатысуға, өз ұсынысын енгізуге, сондай-ақ өз мекенжайы бойынша мердігерлердің жұмысын бақылауға шақырады.

2022-2023 жж. абаттандыру жұмыстары жүретін көше мен даңғылдар:

Абай, 3, 9, 11, 14А, 16а, 18а, 21

Шәріпов, 5а, 32а

Шамин, 4а, 5а

Канцев, 1, 5, 11

Аманшин, 72, 74

Әбдрахманов, 39

Құрманғазы, 1а

Азаттық, 21, 104, 106, 106, 110, 120, 122, 124, 127, 137, 139, 141, 157, 159, 161, 163, 165, 167, 169, 169 (а, б)

Гайдар, 19, 23, 25

Қалмұханов, 3

Әшенов, 2

Құнанбаев, 13, 15, 15а, 20, 22, 25, 28а, 30, 30а, 44

Байтұрсынов, 30

Сәтпаев, 5а, 14, 16, 18, 22, 24, 26, 28

Құлманов, 139, 147, 154

Атамбаев, 68 (б, в)

Әуэзов, 27, 29, 58, 60

Датов, 29, 31, 33

Мұқанов, 12

8 Наурыз, 7, 8

Баймұханов, 2, 3, 41, 41а, 45а, 47, 47а

Берғалиев, 33, 33а, 75

Ықшамаудандар:

Алмагүл: 1, 3, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 27, 28, 29, 33

Авангард-2: 1, 3, 4

Авангард-3: 34, 73

Авангард-4: 2, 3, 3а, 4, 4а, 6, 8, 21

Лесхоз: 4, 9, 10, 11, 12, 13, 19, 23, 23А, 24, 28, 29, 30, 34, 35, 37, 38, 40, 43, 44, 47, 48, 49, 54, 55

Мұнайшы: 1, 2, 2а, 3, 4, 4а, 5, 5а, 36, 36а, 37, 37а, 50, 50а, 52, 53

Привокзальный: 1, 7, 8, 9, 14а, 29

Сарыарқа: 33, 37, 38

Водниково: 31, 33, 35

Нұрсая: 20, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28

Нұрсая (Тұлпар): 72, 73, 75, 77.

2023-2024 жж. абаттандырылатын көше мен даңғылдар:

Ерниязов, 16, 18

Жұмағалиев (Нұрсая), 25-25а үй

Қазалы (Құрсай), мектеп жанында

Сәтпаев, 3а, 8, 10, 12, 25, 39, 41, 42

Молдағалиев, 7, 8, 28-26, 32

Құнанбаев, 3, 5, 7, 14, 16, 19, 21, 28

Датов, 11, 11А, 21, 23, 25, 27, 35 (а, б, в, г), 128а-128б

Азаттық, 46а, 51б, 60, 68, 68б, 68В, 71-75, 99а, 129, 131, 131б

Атамбаев, 19

Хакимов, 1

Құлманов, 135

Студенческий, 24 (а, б, в, д), 190б

Абай, 13, 15, 17, 19

Махамбет, 11-15, 62, 64, 116, 118 (а, б, в, г), 128

Әуэзов, 52 (а, б, в), 61, 63

Исенов, 83, 85

Жансүгіров, 6

Киғаш, 15

Владимирский, 2а, 2в, 6, 20

Баймұханов, 53а, 25а, 26а

Жарбосынов, 71, 83в, 85, 87б

Момышұлы, 23, 25, 114 (а, б)

Байтұрсынов, 15а

Қаженбаев, 1, 2, 3

Сүйесінов, 2б, 2в, 2г

Гурьевская, 26

Сейфуллин, 36

Досмұхамбетов, 2а

Шманов, 87, блок 1-2

Құрманғазы, 3, 5

Амангелді, 9

Бейбарыс, 17

Шамин, 1, 3

Мұқанов, 1

Вокзал маңы, 1а, 4а, 5а, 51а; 3 ы/а, 17-үй және 22; 5 ы/а., №12, 13, 27, 32, 33

Ықшамаудандар:

Лесхоз: №18 көше

Сарықамыс, аудан орталығында

Аванград-2: 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 22, 23, 23а, 23б

Авангард-3: 24, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 46, 49, 75, 76

Авангард-4: 2А, 7, 11, 17, 18, 19

Нұрсая: д. 1-2, 1-3, 1-4, 1-5, 1-6, 1-7, 1-8, 9, 14, 34, 36, 38, 46-54, 55-60, 62, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 110, 106, 109, 107, 111, 113, 114, 115; №2 және №7/7а өткелдер

Өркен: №8 көшесі және Ынтымақ көшесі маңында

Алмагүл: 2, 4, 5, 6

Ширина: 7

Сарыөзек: 1

Береке: 9, 10, 12, 13, 20, 21, 22, 25, 29, 36, 38, 41, 53, 44, 47, 50

Орталық: 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 11

СМП-136: 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8

СМП-163: 1а, 2б, 3, 5, 5Б, 5В, 7, 9, 11

Геолог: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 27А, 28, 29, 30, 31, 33, 35, 36, 38, 39, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 51, 51, 52, 53, 54, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64

Привокзальный: 10А, 11А, 12, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 22, 23

Жұлдыз: 64а, 64б

Жеті қазына: 1, 5, 9

Ескі әуежай: Құрманғалиев – Берғалиев.

Лев ГУЗИКОВ

10 наурыз 2023, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.