Атырау, 28 қараша 10:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Теңіз ереуілшілері мұның себебін түсінгісі келеді

1 200 просмотра

«Теңізшевроил» ЖШС-нің ең ірі мердігерлерінің бірі «Сенімді Құрылыс» ЖШС Жылыой аудандық сотына ереуілді заңсыз деп тану жөнінде талап арыз түсірді.

Алдын-ала сот отырысы 7 наурыз күнгі сағат 16.00-ге белгіленді.

ЖШС өз жұмысшыларын ереуіл жасаушылар алдын ала ескертпеді және жұмыс уақытында болғандықтан «Үшінші буын зауыты» (3GP) жобасына үлкен нұқсан келтіріп, заңсыз ереуіл жасады деп айыптап отыр.  

Ал смс-хабарлама алғандар, неге сотқа 69 адамды ғана шақырып отыр деп түсінбей әлек.

- Егер ЖШС заңсыз ереуілге шықты деп сотта жеңіп шықса, онда жұмыссыз қалуымыз мүмкін. Әрқайсысымызда бес-алты баладан бар. Несие қарызымыз да жетерлік. Бүгінде жұмыссыздық елімізде басты проблемаға айналған. Осы нәпақамыздан айырылсақ, не істейміз, - дейді жұмысшылар.

Сот отырысы өтпей жатып, сегіз адам бұл дауды медиация тәртібімен шешуді сұрады. Жылыой аудандық сотының төрағасы М. ИСКАКОВТЫҢ атына «Жылыой аудандық сот өндірісінде «Сенімді Құрылыс» ЖШС қызметкерлерінің ереуілін заңсыз деп тану туралы талап арызы қозғалған азаматтық істі ҚР АПК 273-бабының 7-тармақшасына сәйкес он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруды» сұрап өтініш хат түсірген.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 наурызда сот талқылауына дайындау барысында алдын ала тыңдау өткізілген. 8 жауапкердің дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаты бойынша азаматтық іс тараптардың келісімге келуі үшін он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатылған.

Сот отырысы 20 наурыз сағат 16.00-ге тағайындалған.

Естеріңізге салсақ, 2023 жылы 11 ақпанда «Сенімді Құрылыс» ЖШС-нің бір топ жұмысшысы еңбекақыны 20 пайызға көтеру, инфляцияға байланысты 500 мың төлеуді, ауысымды 28 күннен 14 күнге қысқартуды талап етіп, еруілге шыққан болатын.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 наурыз 2023, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.