Атырау, 25 желтоқсан 02:26
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырау облысында жіті респираторлық вирустың өсімі байқалады

1 497 рет қаралды

Мұны мамандар тұмаудың эпидемиялық маусымымен байланыстырады, деп хабарлайды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Соңғы жылда облыс бойынша ЖРВИ-ның 41661 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 26 186 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында және 3 210 жағдайы жүкті әйелдер арасында анықталған.

«Жалпы облыс бойынша науқастардан алынған 489 үлгінің 65-інен тұмау ауруының қоздырғышы анықталды, оның ішінде 37 үлгіден тұмау вирусының В типі және 28 үлгіден тұмау вирусының А типі анықталды», делінген сандәрігерлер таратқан мәліметте.

Осыған байланысты мамандар тұмаудың алдын алып, екпе алуға шақырады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 наурыз 2023, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.