Атырау, 28 қараша 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Доссорлық фельдшерлер жүкті әйелді үйде босандырды

1 120 просмотра

Фельдшерлер Динара Рысқұлова мен Жанаргүл Қонаева кезекті шақыртуға шыққанда, жағдай өздері ойлағандай  болмады. Алайда, олар тез шешім қабылдап, аяғы ауыр әйелді үйінде аман-есен босандырып алды.

5 наурызда 103 жедел жәрдем қызметінің пультіне сағат 15:43-те жүкті әйелдің (38 апта) босана бастағаны туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасы 15:55-те жетті. Толғағы қысқан 30 жастағы әйелді перзентханаға жеткізуге үлгермейтінін түсініп, үйден босандыруға шешім қабылдайды. Олардың кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде әйел аман-есен босанды. Дүниеге анасының төртінші перзенті болып салмағы – 3 600 кг, бойы – 53 см қыз бала келді.

Кейін анасы сәбиімен бірге Доссор селолық ауруханасының перзентхана бөлімшесіне жеткізілді. Олар бірнеше күн мамандардың бақылауында болып, 9 наурыз күні үйіне шықты.

Ляззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет maqat-tynysy.kz-тен алынды

10 наурыз 2023, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.