Атырау облысында ауа-райының күрт жылынуына байланысты еріген қар суларын сору бойынша көптеген шақырту түсті.
Атап айтқанда Индер ауданы Жарсуат ауылының Ж. Қазиев көшесінде жұмыстар жүргізілуде, тәулік ішінде 3 мың текше метр су сорылды. Қызылқоға ауданы Миялы ауылында ауыл сыртына 600 текше метр әлі ерімеген қар шығарылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД 23 қызметкері, 5 техникасы мен 6 мотопомпа жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облыстық ТЖД жолдаған суреттер