Бүгін 14 наурыз амал мерекесіне орай Махамбет атындағы академиялық драма театр алаңында «Амал келді, жыл келді» атты театрландырылған думанды шара ұйымдастырылды.
Шарада театр әртістері жиналған тұрғындарға көрісу, құда күту, қыз бен жігіт айтысы секілді қазақтың салт-дәстүрінен көріністер ұсынды. Салтанатты шарада облыс тұрғындарын Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов құттықтады.
- Бұрын батыс өңірінде ғана тойланатын бұл мереке қазір еліміздің әр түкпірінде атап өтілетіні қуантарлық жағдай. Бұл мерекенің мәні өте зор. Себебі бұл мерекеде жер бетінде тіршілік қана оянып қоймай, қыстан аман шыққан ағайындар бір-бірін іздеп,көрісіп жатады. Пендешілікке салынып, ренішкен болса кешірім сұрайды. Бұл ағайынның татулығы мен бірлігін берік қылатын мереке, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор