Атырау, 28 қараша 08:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда көп балалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табыс етілді

Сурет
1 270 просмотра

Махамбет атындағы театрда 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ қатысып, баршаны көктем мерекесімен құттықтады.

– ҚР Президентінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы №117 және 15 ақпандағы №128 Жарлығымен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен»: 

Толқын Атшыбай - мұғалім, Атырау қаласы; Жансая Байдуллина - үй шаруасында, Махамбет ауданы; 

Азина Губайдуллина - «Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ хатшысы, Құрманғазы ауданы; 

Жаңылсын Өтешова - үй шаруаcында, Исатай ауданы; 

Алты бала туып, тәрбиелегені үшін «Күміс алқамен»: 

Батима Әлмұратова - бөбекжай тәрбиешісі, Жылыой ауданы;

Майра Дәуімова - орта мектептің мұғалімі, Индер ауданы; 

Алтынай Жалжанова - «Қоныстану балалар өнер мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қызылқоға ауданы; 

Сәуле Наурызбекова - үй шаруасында, Мақат ауданы;

Айнұр Халимова - Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы бөлімінің басшысы, Атырау қаласы; 

Ақбота Шұғайыпова - «№05720 әскери бөлімі» РММ әскери қызметкері, Атырау қаласы. 

Дәл осы күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында да салтанатты шара ұйымдастырып, қала әкімі атыраулық 25 анаға «Алтын алқа» және 73 анаға «Күміс алқа» тақты. Салатанатты шарада әлеуметтік осал топтармен жұмыс жасайтын белсенділер мен көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар да қала әкімінің Алғыс хатына ие болды. 

Дәл осы күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында көп балалы аналар, қоғамдық ұйым жетекшілері мен ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар қатысқан салтанатты шара ұйымдастырылды. Қала әкімінің орынбасары Нұржан ЕРМҰХАНОВ жиналғандарға мерекелік жылы лебізін арнап, атыраулық 25 анаға «Алтын алқа» және 73 анаға «Күміс алқа» тақты. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы адамдармен жұмыс жасайтын белсенділер мен көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар да қала әкімінің Алғыс хатына ие болды. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

10 наурыз 2023, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.