10-12 наурыз күндері Хорватияның астанасы Загреб қаласында дзюдодан 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Байрақты бәсекеге 35 елден үздік татами шеберлері қатысты. 50 келі салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғаған Ерхан Мұрат Италия, Украина, Грузия, Израил, Венгрия мемлекетінен келген қарсыластыран басым түсіп, чемпион атанды.
-Бұл турнирге дайындықты біз Астана қаласынды өткіздік. Шәкіртім чемпион атанды. Бұл төккен тер мен еңбектің нәтижесі. Ортақ жеңісіміз құтты болсын, - деді дзюдошының жеке бапкері Сәлімгерей НҰРБОЛҒАНОВ.
Айта кетейік, бұған дейін Ерхан Мұрат ҚР чемпионы атанған болатын.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет ӨКҚ