Атырау, 5 желтоқсан 12:02
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда

Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда...

Мақат ауданының прокуратурасы Қарабатан аумағындағы еңбек құқықтарының сақталуына қатысты мониторинг жүргізді. Аудандық прокурор Жұбан Қадыровтың айтуынша, «Бейтман Казахстан Ойл Газ Компани Б.В.» компаниясында 2010 жылдың маусым айынан 2011 жылдың наурыз айына дейін 35 млн. теңгеден жоғары мөлшердегі зейнетақы және әлеуметтік жарналар, сондай-ақ, 141 жұмысшының жалақылары  төленбегендігі анықталған. Өздерінің атына жолданған ұйғарымнан кейін компания заң бұзушылықтарды жойды. 19 мамыр 2011, 01:50 2 436 рет қаралды
Мектеп бітіру кешінің машақаты Басқа жаңалықтар

Мектеп бітіру кешінің машақаты

Қазір киім тігетін ательежұмысының қызған шағы. Мектеп бітіруші бойжеткендер соңғы сабақ пен ҰБТ-ға дайындық арасында өздерінің мектеп бітіру кешіне арналған   көйлектеріне тапсырыс беріп әуре.  Мата мен түрлі фурнитуралар сататын дүкендерде де клиенттерден аяқ сүрінеді. Бойжеткендер аналарымен бірге жүріп, өз өмірлеріндегі алғашқы бал кешіне киетін керемет,  сәнді көйлектеріне мата таңдауда. Айта кету керек, мұның бәрі көңіл сүйсіндіретін машақат болғанымен, айтарлықтай шығынға соқтыратыны жасырын емес.  19 мамыр 2011, 02:45 15 322 рет қаралды
Атыраудың болашақ жұлдыздары Мәдениет

Атыраудың болашақ жұлдыздары

«…Нынче в школе первый класс вроде институ-у-та…», –  өзінің құлаққабындағы осынау әннің ырғағымен Юля Ким (суретте) тербеліп қояды. Ішкі дыбыстардан оқшауланған дыбыс жазу студиясының бөлмесінен мен ашық бала дауысын естіп тұрмын. «Тоқта, тоқта. Юля, тағы да басынан бастап көрші, сен үлгермей қалдың, мұқият тыңда...». 19 мамыр 2011, 18:09 3 940 рет қаралды
«Олар поезды тоқтатты» (толықтырылды) Қоғам

«Олар поезды тоқтатты» (толықтырылды)

Доссорлықтар күкірт тиелген составты Теңіз кенішіне қайтарып жіберді 5-мамыр күні күндіз Доссор поселкесінің наразылық білдірген 500 шақты тұрғыны вокзал жанындағы магистральды теміржолдың қозғалысын бөгеп, тауар және жолаушылар таситын пойыздардың қозғалысын 2,5 сағатқа тоқтатып тастады. 11 мамыр 2011, 17:21 4 984 рет қаралды
Адыра қалған Байшонас Қоғам

Адыра қалған Байшонас

Бұдан 80 жыл бұрын тәулігіне тонналап мұнай берген Байшонастың бүгінде басынан бағы тайып, қара алтынның қалдығы қара жұмысшыға бұйырмай тұр. Болашағы жоқ Байшонас ауылын тек көшірудан басқа амал жоқ дейді жергілікті тұрғындар бірауыздан.  11 мамыр 2011, 19:20 9 755 рет қаралды
«Асфальтсыз алты көше ғана қалмақ» Басқа жаңалықтар

«Асфальтсыз алты көше ғана қалмақ»

Атырау облысындағы көлік жолдарын жөндеуге 2011 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд-тан астам теңге бөлінді. Осы қаржыға облыстық және аудандық маңыздағы 97 км жолды күрделі жөндеу жоспарланған. 11 мамыр 2011, 19:24 4 359 рет қаралды
Оқиға

Мұсылман зираттарын бүлдіргендердің соты басталды

Кеше зираттарды бүлдіргендердің үстінен сот процесі басталды.Естеріңізде болса, 11 қаңтарда орталық «Ноғай» мұсылман зиратындағы он бес бейіттегі қайтыс болған адамдардың суреттері мен есімдері жазылған  мрамор тақталары қиратылған болатын. Тағы бір осындай бүлікшілік жайт элеватор ауданындағы зиратта да орын алған еді. 11 мамыр 2011, 21:01 3 678 рет қаралды
«Барыс» – Қазақстан чемпионы! Спорт

«Барыс» – Қазақстан чемпионы!

10 мамыр күні кешке қарай Қостанайдан қуанышты хабар жетті. Қостанайда «Барыс» облыстық баскетбол командасы жергілікті «Тобыл» командасымен шешуші ақтық үшінші матчты өткізіп жатқан болатын. Вадим БУРАКОВТЫҢ тәрбиеленушілері 72-66 есебімен жеңіске ие болды.  Сонымен, «Барыс» өзінің тарихында бірінші рет Қазақстан ұлттық баскетбол лигасының чемпионы атанды. 11 мамыр 2011, 16:45 4 780 рет қаралды
Жалғызбасты қайсар әке Қоғам

Жалғызбасты қайсар әке

2006 жылы 25-қазанда бүкіл қала Республика күнін мейрамдап жатқан кезде Әли (есімі өзгертіліп алынды) облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында еді. Оның ұлы әр минут сайын әлсіреп бара жатты. Дәрігер үміт жоқ екенін жасырмады. Әке жүрегі мұздап кеткен еді. «Бірдеңе жасасаңыздаршы!» - деп жалбарынды Әли. «Бір препарат бар, бірақ... ол мүгедек боп қалуы мүмкін». «Ендеше ЕКСЕҢДЕРШІ!!!» - деді ол. 11 мамыр 2011, 16:41 5 756 рет қаралды
Атыраулық трио Голландияда концерт берді Мәдениет

Атыраулық трио Голландияда концерт берді

Атырауда сегіз жылдан бері прима қобыз, фортепиано және валторна музыкалық аспаптарынан құралған ерекше трио жұмыс істейді. Ол әлі ресми түрде тіркелмегенмен өз тыңдармандары бар топқа айналды. Арасында  валторна аспабында ойнайтын музыкант «Теңізшевройл» компаниясында құрылыс жөніндегі инженері голландиялық  Ник ТОМАС бар. Жақында ол өз әріптестерімен бірге сол бір қызғалдақтар еліне барып көңілдерге көктем әуенін ұялатқан классикаға толы концерт беріп келді. 11 мамыр 2011, 21:10 5 268 рет қаралды
Адасып кеткен асфальт Қоғам

Адасып кеткен асфальт

СМП-136 ықшам ауданындағы жеке тұрғын үй секторы тас жолға сұранып-ақ тұр. Мұнда шамамен 100 шақты үй бар. Олардың біразының мұнда тұрып жатқандарына жарты ғасырдан асса, кейбіреулері жерді 2000 жылы алған. Бір қиыны, тұрғындар содан бері қарай асфальт төселген жолды аңсаумен күн кешіп келеді. 11 мамыр 2011, 17:16 4 027 рет қаралды
Жанармайдың тосын сыйы Экономика

Жанармайдың тосын сыйы

«Гелиос» желілік жанар-жағар май стансаларында АИ-92маркалы бензин жоғалып кетті.  Автокөлік иелерінің арасында сол-ақ екен жанар-жағармайдың айтарлықтай қымбаттауы туралы алып-қашпа әңгімелер тарап та үлгерді.  11 мамыр 2011, 16:55 3 245 рет қаралды
Экономика

Тұтынушылар өз көкөнісімізді іздейді

Ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінің сатушылар  саны мен өнім түрлері көбейіп келеді. Ол екі аптадан бері  «Мұнайшы» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің алдындағы алаңда сауда көрігін қыздыруда.   11 мамыр 2011, 19:31 3 381 рет қаралды
Шырайгүл – Атыраудың шырайы Экология

Шырайгүл – Атыраудың шырайы

- «Осы гүлзарлар мен қыш құмыралардың жанынан өтіп бара жатып, көлігімді тоқтатып, өзіме етене боп кеткен олардың қалай жайқалып өсіп тұрғанын келіп көру үшін өзімді зорға ұстаймын. Бәлкім бұл күлкілі шығар, бірақ мені олармен әлдене байланыстырып тұрғандай сезінемін. Өйткені әрбір гүл өз қолымнан өтті ғой, - дейді ол тазартылып, әлі гүл егілмеген гүлзарларға көз тастап. Айтпақшы, таныс болыңыздар, Лола КЕНЖЕМҰРАТОВА – Атыраудағы көгалды алаңдарға гүлдерді жеткізуші бас маман. 11 мамыр 2011, 21:26 12 610 рет қаралды