Атырау, 29 мамыр 04:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +30
$ 445.68
€ 478.35
₽ 5.57

Дизель мен отынға қарап отыр

1 614 просмотра

Осыдан бірнеше жыл бұрын қалалық әкімдік қала іргесіндегі Еркінқала ауылынан кезекте тұрғандарға жер телімдерін бөлген болатын. Жаңа жерден баспана тұрғызған олар су, газ, жарық проблемаларына ұрынды.

№34 учаске тұрғыны Байдәулет ҚҰСАЙЫНОВ 2011 жылы жер алған соң, бірден үй тұрғызып алған. Оның проблемалары көршілермен бірдей. 

- Біздер таңның атысымен, электр тогын пайдалану үшін дизель двигательдерін іске қосамыз. Ал көгілдір отын орнына ағаш үйінділері мен көмір жағамыз, - дейді  Б.Құсайынов.

Су мәселесін де тұрғындар өздері шешуде. Олар өзіне тиесілі жерден құдық қазып алған. № 61 учаске тұрғыны Серік ҚАБДЕШОВТЫҢ,айтуынша,олар сумен қамту жөнінде «Атырау Су Арнасына» арыз жазған. Бірақ, жауап алмаған.

Сондай-ақ, еркінқала-лықтардың жалпы проблемасы – балабақшаның жоқтығы.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

Суретті түсірген автор

6 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.