Атырау, 29 наурыз 10:47
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ғалымдар жоғары бағалады

1 575 просмотра

Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы «Ғилымов» шаруа қожалығы Алматы қаласында өткен семинарда жоғары бағаға ие болды. 

Қожалық қазақтың жабы жылқысы мен ақ бас сиырын өсірумен айналысып келеді. Осы семинарда Қазақ ұлттық аграрлық университетінен қатысқан ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Кеңесхан ДҮЙСЕМБАЕВ және ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Мардан ЖОЛАНОВТАР малды асылдандыру бағытында жұмыс жасап жатқан «Ғилымов» ШҚ жоғары баға берді. Ғалымдар Қызылқоға сияқты шөлейтті жерге шетелдің асыл тұқымды малын әкеліп қажеті жоқ, жабы жылқы мен Ақтөбедегі Мұғалжар жылқысын көптеп өсіру қажет екенін баса айтты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 желтоқсан 2012, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.