Атырау, 26 сәуір 10:16
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырау олимпиада чемпиондарын қарсы алды (+фотосурет)

4 862 просмотра

Бүгін, 7 желтоқсанда Атырау тұрғындары лондондық Олимпиада чемпиондарына қошемет көрсетті. Титулды спортшыларды әуежайда жүздеген жас жанкүйерлер қарсы алды.

Бізге алғашқы және әзірге бірден-бір қазақстандық екі дүркін олимпиада чемпионы, ауыр атлет Илья ИЛЬИН, Қазақстандағы ең титулды боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы Серік СӘПИЕВ, штангашы, олимпиада чемпионы Майя МАНЕЗА, еркін күрес бойынша олимпиаданың қола жүлдегері Ақжүрек ТАҢАТАРОВ пен олимпиада чемпионы, әлемдік рекордшы, штангашы Светлана ПОДОБЕДОВА келді.

Әуежайдан өз табынушыларына қолтаңба таратқан олар лимузинмен Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ қабылдауына аттанды.

Чемпиондардың Атыраудағы алғашқы күндерінің қызықты бөлігі «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Залға олимпиада чемпиондарын көздерімен көргісі келгендер лық толды. Атырау спортшыларының атынан олимпиадашыларды Пекин олимпиадасының қола жүлдегері Арман ШЫЛМАНОВ пен Пекин олимпиадасына қатысушы Лия НУРКИНА құттықтады.

Көрермендерге олимпиада жеңімпаздарына сұрақтар қою мүмкіндігі туды.

– Чемпион болу ма, әлде чемпион титулын қорғап қалу қиын ба? – деген алғашқы сұрақты залдан бір бозбала Серік Сәпиевке қойды.

– Әрине, чемпион болу өте қиын. Тек физикалық күш қана емес, моралдық күшті те көп жұмсау керек. Өйткені өз отаныңның намысын қорғау – бұл өте жауапты іс. Ал чемпион мәртебесін ұстап тұру анағұрлым қиын деп ойлаймын. Өйткені бәсекелестер сенімен теңесіп қана қоймайды, сенен озып кетуге талпынады ғой.

– Рингте бәсекелесіңіз құлағыңызды тістеп алған кезде, сіз қандай сезімде болдыңыз? – деген сұрақ қойылды еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаровқа.

– Бір нәрсені ғана анық айта аламын – сол кезде кілем үстінде мен ешқандай ауырсынуды да, қорқынышты да сезінген жоқпын. Мен ызаланып кеттім. Бұл мені сілкінтті, аяғына дейін беріспеуге бел будым.

– Егер қызыңыз болашақта ауыр атлетикамен шындап айналысқысы келсе, бұған қалай қарар едіңіз?– деген сұрақ залдан Илья Ильинге қойылды.

– Мен баланың барлық ықыласы мен ұмтылысына дұрыс қолдау көрсету керек деп есептеймін. Ауыр атлетика секілді спортпен айналысқысы келсе, одан жаман нәрсе көріп отырғаным жоқ. Мұндай жағдайда мен әрі әке, әрі спортшы ретінде өзімнің бүкіл тәжірибеммен бөлісіп, оған қолымнан келгенше үйретемін.

– Құрмет тұғырында тұрған кезде не сезіндіңіз? – сұрақ тағы да Ильяға қойылды.

– Маған осы сұрақты жиі қояды, мен әрдайым сол сәтте қандай сезімде болғанымды есіме түсіруге, естен кетпес сол мезетті қайтадан бастан өткеруге тырысамын. Түрлі сезімде болдым, мұның ішінде орындалған парыз, мақтаныш, мұны мен жасағандығым үшін қанағаттану сезімі де бар. Сондай-ақ, дұрыс бағытпен келе жатқандығымды сезіндім. Бұл өте керемет, сөзбен жеткізе алмайтын сезім.

Түстен кейін чемпиондар №1 облыстық мектеп-интернатқа аяқ басып, облыстық теледидар арнасындағы ток-шоуға қатысады. Ертең чемпиондар құрамы Атырау облыстық прокуратурасының ұжымымен кездесіп, Доссорға аттанады. Ол жерде олимпиадашыларды спорт үйірмелерінің шәкірттері күтіп отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 желтоқсан 2012, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.