Атырау, 10 желтоқсан 10:56
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Көлік апатынан пойыз құтқарады

5 412 просмотра

Үстіміздегі жылдың 14 қарашасында Атырау-Доссор тас жолындағы мына ЖКО-ның нәтижесінде 2 адамның өмірі қиылды.

Атырау-Құлсары көлік жолдарының күрделі жөнделгеніне қарамастан, ажал құштырған және ауыр жарақаттарға соқтырған  жол-көлік апаттарының саны жыл сайын өсуде. Ал келер жылдан бастап өнеркәсіпті әрі моноқала деп танылған Жылыой ауданының әкімшілік орталығында инфрақұрылымның қарқынды құрылысы басталатындығын және кешікпей ТШО-ның Келешек кеңею жобасының жүзеге асырылатынын ескерсек, бұл жерге бір ғана көлік жолының жетпейтіні айдан анық.

АЖАЛ СТАТИСТИКАСЫ

Сонымен, алдымен статистикадан бастайық. Атырау-Құлсары жол бөлігі бірден екі республикалық: Ақтөбе – Атырау – Астрахан және Доссор – Құлсары - Бейнеу трассаларына салынған.

Атырау облыстық ІІД жол полициясы басқармасы штабының бастығы Арман МЕҢДАЛИЕВТІҢ ақпараты бойынша, өткен жылдың 11 айы ішінде Ақтөбе – Атырау – Астрахан тас жолында біздің облысымыздың шеңберінде 11 ЖКО орын алып, онда 14 адам қаза тауып, сонша адам жарақат алған. Биылғы жылдың осы мерзімі ішінде осы тас жолда 17 ЖКО орын алды. Қаза болғандар саны 14, жараланғандар саны анағұрлым көптеу – 26.

Екінші Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолында 2011 жылы 6 ЖКО тіркеліп, 6 адам қаза тауып, 1 адам жараланған. Алайда 2012 жылы ЖКО саны 11-ге дейін көбейген, 12 адам ажал құшып, 4 адам жарақат алған.

А. Меңдалиевтің айтуынша, жағымсыз статистиканың көбеюі өткен жылдың ортасынан бастап жаңа әдістеменің енгізілгендігіне байланысты болып отыр. Соған сәйкес, бүгінде жолаушылары орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған барлық ЖКО қосымша тіркеледі. Бұрын тек ажалмен аяқталған және ауыр жарақаттар алынған ЖКО-лар ғана тіркелетін. Бірақ, қалай десек те, ажал саны бәрібір көбейіп отыр.

КІМ НЕГЕ ТӘУЕКЕЛ ЕТЕДІ?

Бүгінде Атырауды Мақат ауданының Доссор поселкесімен (90 км) және Құлсары қаласымен (220 км) көлік жолы мен екі қолайсыз теміржол маршруттары: МОСКВА КАЗ - ДУШАНБЕ (дүйсенбі мен жұмада) және күн сайынғы АТЫРАУ - МАҢҒЫШЛАҚ бағытындағы пойыздар байланыстырып отыр. Құлсарыға жету уақыты 5 жарымнан 6 сағатқа дейін құрайды. Билет құны вагон типіне қарай әр түрлі: жалпы вагон – 543 теңге, плацкарт – 1035 және купе – 1509 теңге.

«Теңізавтокөлік» ЖШС маршруттық автобустары, «Газельдер» типіндегі жеке шағын автобустар мен таксилер тас жол бойымен жолаушыларды тасымалдайды. Алғашқысы халыққа кесте бойынша қызмет көрсетеді, жол жүру ақысы - 1000 теңге, алайда автобустар ескі және жайлы емес. Автобустардың артықшылығы: автовокзалдан уақытпен шығады, салыстырмалы түрде жоғары емес жылдамдықпен жүреді де 3-3,5 сағатта жетеді.

Мұнай компаниясының қызметкері - құлсарылық Еркіннің айтуынша, қауіпсіздік тұрғысында ол осындай автобустармен жүрген дұрыс деп есептейді және туыстарына да солай жетуге кеңес береді.

Атырау тұрғыны Марина басқа пікірде:

- Қарашада Құлсарыдағы туыстарыма барған едім. Туыстарымның кеңесімен сағат 18-дегі рейске билет алып қойдым. Автобус ескі екен, отырғышының жұлым-жұлымы шыққан, лас. Бірақ мені автобустың техникалық жағдайы қорқытты. Жылыту пеші жұмыс істемегендіктен, буланған алдыңғы әйнекті сүрту үшін автобус әрбір 20-30 минут сайын тоқтап тұрды. Сыртты қараңғылық жайлаған еді, ал соңына қарай жаңбыр жауып кетті.

Маған Атырау автовокзалындағылар жолаушылардың көп бөлігі жұмада және мереке қарсаңында, мереке күндері байқалатынын айты. Жұмыс күндері автобустардың жартылай бос кететін күндері болатын көрінеді.

Шағын автобустардың орташа жол ақысы бір адамға – 1500 теңге және жеңіл көліктерде – 2000-2500 теңгеден. Жүргізушілердің барлығы тас жолдың бойында, әсіресе, Атырау - Қарабатан учаскесінде қозғалыстың көбейгендігін көптен байқап келеді екен. Естеріңізге салсақ, бұл маңда «Болашақ» зауытының құрылысы аяқталып жатыр, газ-химия кешені салынуда және Еркін Экономикалық аймақты дамыту жоспарланған.

ПОЙЫЗ ЖҮРСЕ, ӨЛІМ АЗАЯР ЕДІ

Жоғарыда айтылғандарды саралай келе, теміржол бойынша Атырау – Доссор - Құлсары бағытындағы тұрақты жергілікті маршрутты ұйымдастыратын уақыт жеткен сияқты.  Айтпақшы, мұндай маршруттың біреуі бар, бірақ ол тек ТШО ЖШС қызметкерлері үшін жасалған және ол маршрутқа «Пассажирская компания «Туран Экспресс» ЖШС қызмет көрсетеді.

Қала маңына жүретін маршруттарды енгізу қажеттілігі Ақтөбе бағытына қарай да сұранып тұр. Қызылқоға ауданының шалғайдағы елдімекендеріне қыста жолдың жоқтығы салдарынан тек пойызбен ғана баруға тура келеді. Шамасы, содан да болар бұл бағыттағы жолаушылардың қолы билетке үнемі жете бермейді.

- Қыстағы қалың қардың немесе тайғақтың салдарынан  көптеген адамдар өздерінің қауіпсіздігі үшін пойызға отырады. Машинамен жүруді  қолайсыз көрген  кішкене балалы жолаушылар да бар. Және қыс түгілі жаздың өзінде жол апатынан қаншама адамның ажал құшқандығын ескерсек, халық үшін қолайлы уақытта  қала маңындағы елдімекендерге тұрақты түрде пойыздардың  жүруіне мүмкіндік жасалса, бұл құптарлық шара болар еді. Алайда, бұл мәселе әкімдік араласпайынша шешілмейді, - деп түсінік береді теміржолшылар.

- Мен біздің адамдарымыздың пойызға отыратындығына күдігім бар. Менің білуімше, Құлсарыға дейінгі қала маңынан жүретін маршруттарды енгізу мәселесінің өзі  әлі күнге талқыланған жоқ, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары  Нұраддин ЖҰМАШЕВ.  

Облыс басшылығының бұл мәселеге қатысты ұстанымын білу әзірге мүмкін болмады. Дегенмен, ЖКО-ның қайғылы статистикасы бар және азаматтарға төнетін барлық жол қауіптілігі ірі жобаларды жүзеге асырумен бірге өсіп келеді. Менің өзім жол апатына осы тайғақ және қозғалысы көп жолда таксистердің көлікті басқара алмағандықтарынан  екі рет тап келдім. Ал, мына Құлсарыдан Атырауға келген зейнеткерлік жасқа жақындаған Алма үш рет өлімнен аман қалған: 

- Соңғы 5 жылдың ішінде мені екі рет жол апатынан ауруханаға жеткізіп,  ота жасатты. Үшінші рет өзім жолда апатқа  ұшырап, қираған «Газельден» шығып, қанға малынған қолыммен өз қағаздарым мен құжатарымды жинап алдым. Егер жұма және жексенбі күндері кешкі сағат 7-лерде Атыраудан Құлсарыға және керісінше бағытта  пойыз жүретін болса, біршама жеңіл болған болар еді. Біздің  биліктен сұрап отырғанымыз аса көп нәрсе емес, оның есесіне біршама адамның өмірін ажалдан құтқарып қалған болар еді. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

6 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.