Атырау, 25 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бақылаушылар болмайды

1 896 просмотра

«АтырауЭнергоСату» ЖШС электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстарын бастады. Алдағы екі жылда энергетиктер абоненттердің 90%-ын өз ақылары есебінен жаңа аспаптармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бұл аспаптар қазірдің өзінде Сарқамыс мөлтекауданында және Орталық мөлтекауданының бірнеше бес қатарлы үйлеріне қондырылған. Отандық өндірістегі «АСПАН Казақстан DDZ1513» көп функциялы есептегіштерінің, «Атырау-Жарық» АҚ қызметкерлері түсіндіргендей, бірнеше функциялары бар: деректерді сақтау есі, шынайы уақыт таймері, ақпараттарды ноутбук көмегімен оқуға арналған оптопорт, тәулік аймақтары және айлық электр тұтыну лимиттері бойынша тарифтерді есептеу. Аспап, сондай-ақ, жоғары кернеуден қорғау құралы мен жалғанған PLC-модемге де ие.

Энергетиктер «АСПАН Казақстан DDZ1513» аспабымен қатар көп пәтерлі үйлерге жалпыүйлік есептегіш аспаптар-концентраторды қондыруды жоспарлап отыр. Бұл тұтынушыларды бақылаушылардың мазалауынан құтқаратын болды, өйткені есептегіш нәтижелерін жинау үшін пәтер аралап керек емес. Әр пәтерге орнатылған аспаптардағы деректер PLC-модем арқылы жалпыүйлік есептегіш-концентраторларға беріліп, әрі қарай GPRS-модем арқылы «АтырауЭнергоСату» ЖШС-нің орталық серверіне жеткізіледі. Бұл жерде назар аударатын жайт, жаңа есептегіштерде, егер абонент жарық тұтыну ақысын уақытында төлемесе, автоматты түрде электр қуатын автоматты түрде айыратын функция жұмыс жасайды.

Аспаптарды ауыстыру, әзірге, жеке тұлғаларға тегін. Заңды тұлғаларға қатысты мәселе қозғалған жоқ. Жаңа аспап «АтырауЭнергоСату» ЖШС-нің меншігі болып табылады және мемлекеттік тексеру серіктестік есебінен жүргізіледі.

Тамара СУХОМЛИНОВА

5 желтоқсан 2012, 22:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.