Облыстық ІІД бастығының орынбасары Қандарбек БАҚТЫГЕРЕЕВТІҢ айтуынша, аттестация қорытындылары бойынша облыстық ІІД-нің 96 қызметкері жұмыстан шығарылған, 24 адамның лауазымы төмендетіліп, 20 қызметкердің лауазымы жоғарылатылған. Бүгінде облыстық полиция штатына 100-ден астам қызметкер жетіспейді екен.
Облыстық ІІД Атырау ҚІІБ және бүкіл аудандық ІІБ-нің барлық бөлімшелеріне жоғары заңгерлік білімі бар тұлғаларды, сондай-ақ қатардағы құрам лауазымдарына ҚР қарулы күштерінің әскер қатарында болған орта, орташа техникалық білімдері бар тұлғаларды қызметке қабылдауға конкурс жариялады.
Ішкі істер бөлімдеріндегі қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарға 25 жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға – 35 жастан аспаған азаматтар қызметке қабылданады. Бойы – 170 см-ден аласа болмауы керек. Барлық аудандық, қалалық аумақтық органдарға хабарласу керек. Облыстық ІІД-нің кадр жұмысы басқармасының (Азаттық даңғылы, 85) телефондары: 25-10-09, 98-21-09.