Атырау, 5 қазан 15:42
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тағы бір жұлдыз ағып өтті...

4 951 просмотра

6 желтоқсан күні елімізге белгілі күйші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нариман ҮЛКЕНБАЙҰЛЫ дүниеден озды.

Н. Үлкенбайұлы өнер және мәдениет саласында 50 жылдан астам уақыт еңбек атқарды. Негізгі мамандығы медицина саласымен байланысты болғанымен, күй деп соққан жүрегі өмір жолын өнер арнасына бұрғызды. Оның күйшілік өнерге келуіне күй анасы Дина шешейдің шығармашылығы ерекше ықпал еткен болатын.

Ағаның артында қалған ұрпағы мен жанұясына қайғырып көңіл айтамыз.

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Нариман Үлкенбайұлы 1939 жылы 1 қаңтарда Гурьев облысы Исатай ауданының Манаш ауылында туған. 1958 жылы Гурьев облыстық медицина училищесін фельдшер мамандығы бойынша, 1972 жылы Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.

1962 жылдың наурыз-маусым айларында фельдшер болып жұмыс істеді. 1968 жылдан бастап Гурьев облысы Бақсай ауданының Чапаев ауылындағы Аққыстау халық театрында режиссер боп еңбек етті.  

Ал 1958 жылы Исатай аудандық, Аққыстау халық театрында режиссер, 1959 -1961 жылдары Чапаев кеңшарында комсомол комитетінің хатшысы, 1975 жылы Махамбет аудандық мәдениет бөлімінде меңгеруші, 1980-1985 жылдары Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры, 1986 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығында әдіскер, 1986-1998 жылдары Гурьев қалалық кәсіподақ ұйымының хатшысы, 1998-2000 жылдары Атырау облыстық «Халықтық зейнетақы қоры» филиалының директоры, 2000-2008 жылдары Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, 2008-2009 жылдары облыстық халық шығармашылық орталығында бөлім бастығы, 2009 жылдан бастап Төкен Жұмағұлов мұражайының директоры қызметін атқарды.

7 желтоқсан 2012, 19:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.