Атырау, 27 маусым 23:31
 дождьВ Атырау +25.5
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Атырауда

Бизнес-кеңесшілер үміт үзбейді Экономика

Бизнес-кеңесшілер үміт үзбейді

25 қазанда Сәтбаев даңғылы бойындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жарты күнге бизнестік кеңес беру орнына айналды. Ол жерде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастамасымен барлық келушілер үшін Ашық есік күні өтті. 31 қазан 2012, 20:58 2 421 рет қаралды
Мемлекетке келтірілген зиян - 30 млрд Басқа жаңалықтар

Мемлекетке келтірілген зиян - 30 млрд

Атырауға қаржы полициясының екінші бригадасы аяқ басты Біздің дереккөздеріміз хабарлағандай, үстіміздегі жылдың жазында басталған бұрынғы облыс әкімі Б. РЫСҚАЛИЕВ командасының қызметіне бас прокуратура мен қаржы полициясының жүргізген тексеру жұмыстары аяқталып, астаналық тергеушілер тобы үйлеріне оралды. Бірақ жақында Атырауға қаржы полициясының басқа бір тергеушілер тобы келді.  Олардың міндеті - өз әріптестерінің жұмыс нәтижелерін тексеру. 31 қазан 2012, 20:42 2 041 рет қаралды
Мүмкіндігі шексіз орталықтар Қоғам

Мүмкіндігі шексіз орталықтар

Атырауда Астанадағы секілді мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін шағын жиынтықты әлеуметтік қолдау орталығын ашу көзделіп отыр. Бұл туралы «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында өткен  баспасөз конференциясында айтылды. 31 қазан 2012, 18:24 7 580 рет қаралды
Мұрагерлер сауалы Қоғам

Мұрагерлер сауалы

Мұраны рәсімдеу - өте күрделі мәселелердің бірі. Бұл процедура көп уақытты және зор ықыласты қажет етеді. Құжаттар жинау, өтініштер мен арыздар толтыру, кезекке тұру, қателіктерді түзеу, мұрагерлер арасындағы келіспеушіліктер және басқа да мәселелер сот процесінің ұзарып кетуіне соқтыруы мүмкін. Біз адвокат Гүлсім САБИРОВАДАН оқырмандарымыздың көкейінде жүрген өзекті сұрақтарына жауап беруін өтінген едік. 31 қазан 2012, 18:04 8 767 рет қаралды
Абай мектебі ұзақ күттірді Қоғам

Абай мектебі ұзақ күттірді

Доссор поселкесіндегі Абай атындағы орта мектебі өткен жылдан бері күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетіндіктен жабылып қалғалы жүз шақты оқушы Қанатбаев атындағы орта мектепке барып жүр. Ол да Доссорда, бірақ, оған теміржол және құбыр желісі бойымен 3 шақырым жаяу жүріп жету балаларға өте қиын. 31 қазан 2012, 17:57 3 593 рет қаралды
Арақ атадан қалған мұра емес Басқа жаңалықтар

Арақ атадан қалған мұра емес

Алкоголь қолданудан бас тартудың ұлттық күні елімізде жыл сайын 31 қазанда өткізіледі. Бұл шараны атап өту барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері өз дайындықтарын ерте бастаған болатын. 31 қазан 2012, 16:49 15 271 рет қаралды
Салмақты ойын Басқа жаңалықтар

Салмақты ойын

Оқу залының ортасында төрт медицина қызметкері күнделікті тіршіліктен көрініс қойылымын көрсетуде.  Біреулеріне дәрігер мен медбикенің үйреншікті рөлі тисе, енді екеуіне жас ана мен сәбидің әжесінің рөлі тиген. «Өзіңіздің әрбір әрекетіңізді дауыстап айтып, анасына мұны не үшін жасап жатқаныңызды түсіндіріңіз», деп талап етті жаттықтырушы. 31 қазан 2012, 16:42 3 780 рет қаралды
Заңдағы қайта жобалау Басқа жаңалықтар

Заңдағы қайта жобалау

Пәтеріңіздің  жаңа келбеті туралы қиялдап жүрсіз бе? Кішкентай ғана екі бөлмеден кең студия жасауды жоспарладыңыз ба? Егер панельді үйде тұрсаңыз, кедергі келтіріп тұрған қабырғаны алып тастауға және кіре берісті қайта жөндеуге асықпаңыз. Таяу уақыттан бастап мұндай пәтер қожайындары пәтерді өз талғамына сай заңды түрде өзгерте алмайтын болды. 31 қазан 2012, 16:39 2 101 рет қаралды
«Кәсіпқор» қаңтарда ашылады Басқа жаңалықтар

«Кәсіпқор» қаңтарда ашылады

«КәсіпҚор» холдингі 2013 жылдың қаңтарында мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру кәсіптік өңіраралық орталығын ашып, студенттер қабылдай бастауға уәде етіп отыр. 31 қазан 2012, 16:10 4 303 рет қаралды
Жемқорлықтың жол картасы Басқа жаңалықтар

Жемқорлықтың жол картасы

Жұмыссыздық проблемасын шешу үшін соңғы жылдары бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырыла бастады: Жол картасы, Жұмыспен қамту-2020, Бизнестің жол картасы-2020 және тағы басқа. Олардың тиімділігі қандай болды? Егер біздің аймақ бойынша сараласақ, айтарлықтай емес. 31 қазан 2012, 15:29 4 383 рет қаралды
Бекенов «Идеалды» мәскеуліктерге сатпақ Басқа жаңалықтар

Бекенов «Идеалды» мәскеуліктерге сатпақ

Соңғы аптада ағайынды Асхат пен Талғат БЕКЕНОВТЕРДІҢ Атыраудағы ірі «Идеал-Маркет» әмбебап дүкендер торабын («Идеал» мен «Лидердің» 19 дүкені) мәскеулік бизнесмендерге сататындығы ең кең таралған қауесет болды. 31 қазан 2012, 15:17 2 517 рет қаралды
Үлгі болуға лайық үй Басқа жаңалықтар

Үлгі болуға лайық үй

25 қазанда табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаменті тұтынылған жылуды есептеу үшін жалпы үйлік «Взлёт» маркалы есептегішті қолданып отырған Мұқанов көшесіндегі 52 пәтерлік  №1 «а» үйге журналистердің сапарын ұйымдастырды. 31 қазан 2012, 15:05 1 861 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Әкім мен депутат із-түзсіз жоғалмайды

Біздің 2012 жылғы 24 қыркүйекте жолдаған редакциялық сауалымызға ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі 2012 жылғы 12 қазандағы өзінің жауап хатында (екі көшірмесі жалғанды) Қазақстан Республикасының азаматтары Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев пен Аманжан Сәулебайұлы Рысқали үстіміздегі жылдың 15 тамызы мен 3 қазан аралығында ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтпегендігі туралы хабарлады. Осы мәселелер бойыншаәрі қарай түсінік алу үшін Шекаралық қызмет Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарласуға кеңес берді. 30 қазан 2012, 11:54 3 308 рет қаралды