«Көш тоқтаған жоқ» атты жарияланымда Байшонас ауылының тұрғындары қалаға көшіру жұмыстарының уақытша тоқтап тұрғанына алаңдап, редакцияға хабарласқанын жазған болатынбыз. Онда поселкедегі су проблемасы да тілге тиек етілген еді.
Осы жарияланымдағы «Су мәселесі де осы. Су селоға әу бастан келмейтін. Оны қазір поселкеге арасында автоцистернамен әкеледі» деген жолдарға байланысты «Атырау Су Арнасы» КМК директоры А. ТАШЛЫКОВ мынадай анықтама беріп өтті:
- «Атырау Су Арнасы» КМК «Байшонас Жылу» ЖШС пайдаланатын Ескене-Байшонас су құбыры арқылы су беруді үздіксіз жалғастырып, жинақтаушы резервуарға толық көлемде жеткізіп отыр. Және бұл ЖШС Байшонас поселкесінің су құбыры жүйесіне қызмет көрсетіп, поселке тұрғындарын сумен қамтып отыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА