26 сәуірде Атырауда көші-қон полициясы мен облыстық прокуратура қызметкерлері үш ай бойына тіркеусіз жұмыс істеп жүрген Қытайдың 20 азаматын ұстады.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г. МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, «Құқықтық тәртіп» операциясының шеңберіндегі рейд барысында ҚХР-дың жиырма азаматының ҚР аумағына келу ережесін бұзғандығы анықталған. Олардың бәрі «Восток-Изопром» ЖШС-нің қызметкерлері боп саналады. Ұсталушылардың 17-сіне 17 130теңгеден айыппұлдар салынған.Осындай заң бұзушылықтар жасап көзге түскен үшеуіне қатысты Қазақстаннан шығару туралы мәселе шешілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ