26 сәуірде Атырау мұнай және газ институтында дәстүрлі тоғызыншы вакансиялар жәрмеңкесі өтті.
ЖОО-ның осындай іс-шаралар өткізу тәжірибесі жеткілікті, сондықтан да жәрмеңкеге 40 әлеуетті жұмыс берушілердің қатысуы таңғаларлық нәрсе емес. АтМжГИ шәкірттерін өздерінің болашақ қызметкерлері ретінде көруге ниет білдірген компаниялардың қатарында NCPOC, Шлюмберже Лоджелко Инк, Уорли Парсонс Казахстан, Теңізшевройл, Halliburton.Int.Inc, Каспий Құбыр Консорциум-К, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы компаниялары, екінші деңгейдегі банктер, коммуналдық қызметтер монополистері, мемлекеттік мекемелер бар.
- Жыл сайын қатысушылардың саны артып келеді. Былтырғы жылы 30 болған, ал биыл БАҚ-қа хабарландыру бергеннен кейін қызығушылық танытады деп есептемеген компаниялар да қатысуға ниет білдірді, - дейді шәкірттердің карьерасы, тәжірибесі және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы Айсұлу ТҰРНИЯЗОВА. – Жәрмеңкеге деген студенттердің де қызығушылығы артып келеді – биылғы жылы оған 500-ден аса адам қатысты.
- Шәкірттеріңіздің қанша пайызы жұмысқа орналасты?
- Оқу бітіргеннен кейін біздің шәкірттеріміздің 73 пайызға жуығы өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады.
- Олардың қаншасы жәрмеңкенің арқасында жұмыс тапты?
- Нақты санын айтпай-ақ қояйын, бірақ көп. Өткен сенбі мен дүйсенбіден бері студенттер маған жәрмеңкеге қатысқаннан кейін әңгімелесуге, тәжірибе жинауға шақырылған, тіпті, жұмыс та тауып алған студенттер телефон соғып жатыр.
Мұнай институтының студенттері, негізінен, шетелдік қатысы бар салалық компанияларға барғылары келеді. Қазақстандық жұмыс берушілер мен мемлекеттік мекемелер оларды аз қызықтырады.
Кейбіреулер презентация кезінде ағылшын тілінде сөйлеп, отандық компанияларда жұмыс жасағылары келмейтінін білдірді. Алайда олар да бұл жерден өздеріне қажетті кадрларды тауып жатты. «Эмбаведьойл» ЖШС-нің өндіріс бойынша директоры Тимур БИСЕНҒАЛИЕВ жәрмеңкеге бесінші рет жеке өзі қатысып отыр, ал компания АтМжГИ-мен 1993 жылдан бері әріптестік қатынаста.
- Біз, әрине, әр жәрмеңкеден шәкірттерді өзімізге қызметкер етіп штатқа ала алмаймыз, алайда студенттердің іс-тәжірибеден өту мәселелеріне атсалысамыз. Сондай-ақ, біздің қызметкерлердің 98 пайызы, ішінде өзім де бармын, осы институттың шәкірттеріміз. Бұл кен орындарын әзірлеу мамандары, геологтар, технологтар, инженерлер мен кен орындары бастықтары. Бас директордан басқамыз (Мағауия Шырдабаев – Губкин атындағы Мұнай және Газ РМУ-дің шәкірті) осы жерде дүниеге келгенбіз, - деп күлді Бисенғалиев.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор