29 сәуірде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 14-сессиясында депутаттар облыс әкімінің Сарытоғай селосын Махамбет селосына қосу және Мақат кентіне жалғасып жатқан Бәйгетөбе елдімекенін (кір тасын көтеруден үш дүркін әлем чемпионы Қуангүл ДОСАХАЕВАНЫҢ туған жері) жеке село ретінде қайта өзгерту туралы шешімін бекітті.
Олар, сондай-ақ, Қазақ ССР-на еңбек сіңірген дәрігер Хайролла ҚАЛЖІГІТОВКЕ Атырау облысының Құрметті азаматы атағын беруді дауысқа салды. Х. Қалжігітов 23 жыл облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарды, онкологиялық диспансердің, №2 емхананың бас дәрігері болды. Қазіргі уақытта Мұнай және газ институтында сабақ береді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ