Дәл осындай тақырыпта Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында жоғарғы сынып мектеп оқушыларының қатысуымен конференция болып өтті.
Атырау облыстық дін істері департаменті директорының міндетін атқарушы Еркінбек ШОҚАЕВ жастарды теріс ағымдардың ар жағында отырған адамдардың көздегені – өз ұстанымдары арқылы жастардың санасын жаулап, ағайынды бір-біріне араздастырып, ата-анасына қарсы қойып, отбасы институтын талқандау арқылы елдің тыныштығын бұзып, бірлігін ыдырату екендігіне баса назар аудартты. Атырау орталық мешітінің жанындағы медресе директоры Есмұхан НҰРЫМ бірнеше сауалдарға жауап бере келе, кез келген тілек білдірген адам өзін толғандырған діни мәселелер бойынша мешітке келіп жауап ала алатынын жеткізді.
Ал Успен соборының настоятелі Михаил әкей үй-үйді аралап жүретіндіни секта мүшелерінің буыны қатпаған жастарды өз топтарына тарту үшін қолданатын алуан түрлі айла-тәсілдерінен бірнеше мысалдар келтірді.
Айнұр САПАРОВА