24 сәуірде біз қала сыртындағы бірнеше елдімекендермен шектесіп жатқан ерекше табиғат резерваты аумағындағы өрт туралы айтқан едік («Ақ Жайық» резерватындағы өрт» жарияланымын қараңыз). 25 гектар қамыс жанып кетті. Сол күні ТЖД-нің өртке қарсы қызметі өрттің негізгі ошақтары сөндірілді деп хабарлаған. Алайда, қаладан көрініп тұрған қою түтінге қарағанда, ол - бұлай емес.
Біз Еркінқала селолық округының әкімі Ерғали ТАПАНОВПЕН хабарластық:
- Өрт 23 сәуірде қаланың батыс жағындағы, Махамбет ауданының «Бірінші май» ЖШС-іне қарасты жерден басталды. Ол әлі жанып жатыр, тіпті, бірнеше жерден бастау алған. Шымтезекке айналған бірнеше қабатты ескі қамыс жанып жатыр. Мен бар жағдайды әкімге хабарладым, от қалаға жақындап келе жатырғанын айттым. Қосымша техника керек, өйткені резерват қызметкерлері өз күштерімен өртті ауыздықтай алмайды. Кеше қала әкімі өрт орнына «Арнайы автобазаның» директоры Мұратбек Махановты жіберді.
- М. МАХАНОВ келесілерді хабарлады:
- Ол жерде қамыс жаз бойы жана беретін болар, жердің балшықтығына байланысты от ошағына өрт сөндіру техникасы бара алмай отыр. Бұдан шығатын жалғыз жол – ені бірнеше ондаған метр болатын қорғаныс белдеуін жасау керек, яғни, сол белдеу бойынша жанатын барлық өсімдіктерді шауып, тазалау қажет. Сонда өрт тоқтайды. Мен әкімге сәйкесінше хат жібердім. Осы мақсатта 1 автогрейдер, 2 тиегіш және 5 жүк машинасын бөле аламын.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ