Атырау, 26 маусым 19:37
 дождьВ Атырау +30.1
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Атырауда

Бізге әрбір пайыз қымбат Басқа жаңалықтар

Бізге әрбір пайыз қымбат

Атырауда 16 сәуірде ашылған «Мұнай және Газ-2013» көрмесінің бірінші күніндегі басты оқиға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Мағзом МЫРЗАҒАЛИЕВТЫҢ Келешек кеңею жобасындағы (ККЖ) қазақстандық үлестің 32 пайыз үлесін ТШО-ның ұтымды деп есептейтіндігі туралы мәлімдемесі болды. Бұл жобаның 20 млрд доллар жалпы құнының 7,3 млрд долларын құрайды. Алайда ҚМГ 44 пайызға қол жеткізбек. 17 сәуір 2013, 10:42 3 201 рет қаралды
Алдымен дөңгелек үстел өтеді Басқа жаңалықтар

Алдымен дөңгелек үстел өтеді

Тарифтер мен зейнеткерлік жастың өсуіне қарсы  митинг («Тарифтерге қарсы митинг: әкім Айдарбеков рұқсат берер ме екен?»)ұйымдастыру аясында белгіленген «Тиімді әріптестік пен басқару арқылы тарифтердің өсуін тежеу» тақырыбында дөңгелек үстел 19 сәуірде «Атырау облысы кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» ҚБ-нің конференц-залында өтеді. 16 сәуір 2013, 16:40 1 855 рет қаралды
Әділетсіз сот үшін қазына жауап берді (толықтырылды) Басқа жаңалықтар

Әділетсіз сот үшін қазына жауап берді (толықтырылды)

2012 жылы бұрмаланған іс бойынша заңсыз сотталған («Жоғарғы сот Нақпаевты ақтап шығарды» жарияланымын қараңыз) Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ (суретте - ортада) қаржы министрлігінен мүліктік және моралдық зиян шеккені үшін 10 миллион теңгеден астам сома өндіріп алды. 12 сәуір 2013, 17:40 5 978 рет қаралды
Мүгедектер мүддесін кім қорғайды? Басқа жаңалықтар

Мүгедектер мүддесін кім қорғайды?

Атырауда мүгедектер наразылық акциясын өткізді 20 шақты І топ мүгедектері 12 сәуірде облыстық Қазақ соқырлар қоғамы басқармасының ғимараты алдына жиналып, жергілікті билікке бірқатар талаптар қойды. Олардың ішінде арбаға таңылған жандар мен көзі көрмейтін ғаріп жандар болды. Олардың бәрі де туыстарының көмегімен келген.   13 сәуір 2013, 14:24 5 435 рет қаралды
Қазақ болып қалайық Басқа жаңалықтар

Қазақ болып қалайық

11 сәуірде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Әйел және дін» атты республикалық форум өтті. Түстен кейін «Мұнайшы» стадионында жастар митингісі, ал келесі күні Мұнай және газ институтында ғылыми-практикалық «Жастар және дін» атты конференция өткізілді. 13 сәуір 2013, 13:08 4 479 рет қаралды
Штабтық жұмыс Басқа жаңалықтар

Штабтық жұмыс

– 20 сәуірде сенбілік шеңберінде үш мың көшет отырғызу жоспарланған жалпықалалық «Жасыл жапырақ» акциясы өтеді, - деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ Атырау қаласын санитарлық тазарту екіайлығын өткізу жөніндегі штабта. 12 сәуір 2013, 12:25 1 934 рет қаралды
Прокуратура балық қорғау инспекциясы мен су полициясының қызметіне риза емес Басқа жаңалықтар

Прокуратура балық қорғау инспекциясы мен су полициясының қызметіне риза емес

9 сәуірде облыстық әкімдікте өткен кеңесте Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы (балық қорғау) инспекциясының қызметі өткір сынға алынды. Облыс прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВ баяндама жасады. Ол атап айтқанда, балық қорғау инспекциясының қызметі қанағаттанғысыз екенін мойындау керектігін, өйткені бүгінде оның негізгі жұмысы – ескі және иесіз ау-торларды тралдау екенін айтты. 11 сәуір 2013, 19:34 4 202 рет қаралды
Тарифтерге қарсы митинг: әкім Айдарбеков рұқсат берер ме екен? Басқа жаңалықтар

Тарифтерге қарсы митинг: әкім Айдарбеков рұқсат берер ме екен?

Сәрсенбі күні Жайық өзенінің жағалауында әдеттен тыс «openair» (ағылшынша – «ашық ауада» деген сөз) форматында баспасөз конференциясы өтті. Қоғамдық қозғалыс белсендісі Макс БОҚАЕВТЫҢ және Қазақстанның Коммунистік партиясы Атырау филиалының бірінші хатшысы Нұржан НАУРЫЗОВТЫҢ қолдауымен бір топ кәсіпкер әйел 27 сәуірде бейбіт митинг өткізбекші екенін мәлім етті. 11 сәуір 2013, 00:00 3 110 рет қаралды
Жылуды айырып тастады Басқа жаңалықтар

Жылуды айырып тастады

Атыраудың жазғы ауа-райы басталып келе жатқан көктемді қарқынды түрде ығыстыруда. Сыртта 30 градустай жылы, ал қаладағы жылыту маусымы тек 15 сәуірде ғана аяқталады. Пәтерлеріндегі қажетсіз жылу үшін ақы төлегісі келмейтін қала тұрғындары жылумен қамтуды мерзімінен бұрын ажыратуды талап етіп отыр. 11 сәуір 2013, 00:00 1 936 рет қаралды
Билет пе? Қазір берем! Басқа жаңалықтар

Билет пе? Қазір берем!

1 сәуірден бастап Атырауда жолаушылар көлігіне бір реттік жол билеттері енгізілді. Бұл - тендерде жеңіске жеткен тасымалдаушы компанияларға қойылған талаптардың бірі еді. Алайда, біздің оқырмандардың хабарлауынша, бір реттік жол билеттері барлық автобустарда үнемі беріле бермейді екен. Біз қалалық маршруттармен жүріп, бұған көзімізді жеткіздік. 11 сәуір 2013, 00:00 3 764 рет қаралды
«Хиуаз» Мәскеуге шақырады Басқа жаңалықтар

«Хиуаз» Мәскеуге шақырады

1 сәуірде «Эйр Астана» компаниясы Атырау – Мәскеу бағытында жаңа тұрақты рейсті қолданысқа енгізді. Алғашқы ұшуды Ұлы Отан соғысының аңызға айналған ұшқышы, жерлесіміз Хиуаз ДОСПАНОВАНЫҢ мәртебесіне «Хиуаз» деп аталатын Embraer 190 жаңа әуе лайнері орындады. 11 сәуір 2013, 00:00 2 740 рет қаралды
«Динадағы» сиқырлы шөп Басқа жаңалықтар

«Динадағы» сиқырлы шөп

Қала базарларынан ыдысқа шөп өртеп, түтіндетіп жүрген әйелдерді көп көруге болады. Олар аз-мұз ақшаға сатушы мен оның тауарларын, қаласаңыз, сізді де бастан аяғыңызға дейін қою түтінмен айналдырып шығады. Шөп адыраспан деп аталады. Сенушілердің ойынша, ол зұлымдықты қуып, сәттілікті шақырып қана қоймайды, сонымен қатар 80 аурудан сақтайды. Басқасы басқа, өзбекстандық қонақтарымыз бұған өте сенімді. 11 сәуір 2013, 00:00 14 557 рет қаралды