Атырау, 20 қазан 11:12
 дождьВ Атырау +9.7
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48

​Kaspi банкоматынан өзге адамның ЖСН арқылы​ бөліп төлеу қарызын білуге болады

61 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Әлеуметтік желіде автор тек ЖСН арқылы Kaspi.kz банкоматтарынан басқа адамның бөліп төлеу арқылы алған қарызы мен жалпы кредит жүктемесі туралы мәліметтерді білуге болатынын айтқан видео тарап жатыр. Бұл жарияланымға Kris P Kazakhstan назар аударды.

Жазба авторының айтуынша, ол банкомат арқылы танысына ЖСН бойынша ақша аударып жатып, экранда оның қолданыстағы бөліп төлеу қарызы бар қосымша беттердің көрініп тұрғанын кездейсоқ байқап қалған. Кадрларға әрбір тауар бойынша қарыз қалдығының мәліметі, сондай-ақ жалпы берешек сомасы көрсетілген «Барлық бөліп төлеу мен кредиттер» бөлімі түсіп қалған.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұндай функционал банктік құпия және жеке деректерді қорғау туралы заңдарды бұзбай ма деген сұрақ қойып жатыр, өйткені адамның ЖСН-ы емханаларда, ХҚКО-ларда және қызмет көрсету ұйымдарында жиі пайдаланылады, соның салдарынан ол үшінші тұлғаларға оңай белгілі болуы мүмкін.

Журналистер жағдайға қатысты ақпарат беруді және пайдаланушылардың дерегін қорғау тәртібін түсіндіруді сұрап, Kaspi.kz баспасөз қызметіне ресми сауал жолдады. Материал жарияланға дейін қаржы институтынан жауап түскен жоқ.

Бүгін, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.