Атырау, 26 қараша 08:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қашағанға «тән» құбылыс (толықтырылды)

1 578 просмотра

Қашағанда тәулігіне 75 мың баррель мұнайды коммерциялық өндірудің басталу құрметіне орай аққайнар құйылған боккалдар сыңғырымен өтіп жатқан VIII KAZENERGY Еуразиялық форумының соңына таман кеніштен 9 қазанда мұнай өндіру тоқтатылды деген келеңсіз хабар келді.

Жаңалық форумға қатысушылар мен журналистерге сол сәтте таралып кетті, алайда мұнайшылар, шамасы, жалпы көңіл-күйлерін түсіргісі келмеді ме, кезекті апат фактісін жоққа шығарғанды жөн көрді.

Тек бүгін, 11 қазанда НКОК баспасөз қызметі 9 қазанда таңертеңгі сағат 9-да D аралындағы өндірістік нысандарда техникалық ақау орын алғанын хабарлады. «Алдын алу шарасы ретінде мұнай өндіру тоқтатылды. Өндіру ақаудың жойылуына қарай қайта жанданатын болады» деп хабарланған баспасөз релизінде. Сондай-ақ, «мұндай болмашы жағдайлар кешенді, технологиялық күрделі нысандарды іске қосу процесіне тән құбылыс»делінген.  

Естеріңізге салсақ, 11 қыркүйекте басталған мұнай өндіру 24 қыркүйекте D аралынан «Болашақ» зауытына дейін жүргізілген газ құбырында газ кету салдарынан тоқтатылған еді. 6 қазанда Қашағанда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғымалар қайта ашылған болатын. Міне, тағы да бір іркіліс орын алып отыр.

Бүгін, 11 қазанда түстен кейін НКОК баспасөз қызметі тағы бір техникалық жағдай туралы ақпарат таратты:

«9 қазанда түстен кейін D аралынан «Болашақ» затыныа дейін салынған газ құбырын жоспарлы тексеру барысында, зауыттан 2 километр қашықтықта газ кету іздері анықталды. Алдын алу шаралары ретінде тұрба құбырының тиісті учаскесінде тексеруге қолжетімді болу үшін қысымды түсіру және азотпен тазарту жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке дер кезінде хабарланды. Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп байқалмайды. Тұрба құбырын ашу бойынша жер жұмыстары 11 қазанда таңертең басталды. Жұмыс аяқталған бойда, осы учаскені тексеру жүзеге асырылатын болады. Қажет болған жағдайда процедураға сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнай өндіру газ кету себептері анықталмайынша тоқтатылады», - делінген баспасөз релизінде.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

11 қазан 2013, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.