10 қазанда қала маңындағы Сарыөзек селосындағы (Сарыөзек маңы) үйлердің бірінде газ жарылды. Үш адам қаза болды, соның ішінде бір жасар сәби бар.
Атырау облыстық ТЖ департаментінің хабарламасы бойынша, Сарыөзек селосындағы жеке тұрғын үйде 08 сағат 05 минутта газ-ауа қоспасы жарылып, әрі қарай өртке ұласып, тұрғын үй опырылып қалған. Өрт 08 сағат 44 минутта тұйықталып, 09 сағат 07 минутта өшірілді. Үйіндіден үш мүрде табылды. Олар 1987 жылғы Мамбетияров С., 1991 жылғы Избаханова Д. және 2012 жылы туған Оразбаева А. 1993 жылғы Н. Елубаев күйік алып, ауруханаға жатқызылды.
Көршілердің айтуынша, қаза болған отбасы уақытша баспананы жалдап тұрған. 9 қазанда олардың аудандарында, барлық оң жақ жағалаудағы секілді, газды ажыратып тастаған. Бәлкім, газ қазандығы ашық қалып, газ кеткен болуы керек. 10 қазан күні таңертең барлығы қатты тарсылды естіп, шуға жүгіріп шыққанда үй жанынан аяғынан әзер тұрған жігітті көрген.
Қазіргі уақытта жарылыс себептері тергелуде, оқиға орнында ТЖ қызметінің арнайы комиссиясы мен тергеушілері жұмыс істеуде.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ