Атырау, 26 қараша 08:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Туладан келген медицина десанты

1 549 просмотра

21-26 қазан аралығында Атырауда Тула дәрігерлері жұмыс істейтін болады.

Ресейлік мамандар Атырауға осымен жетінші жыл қатарынан келіп отыр. Осы уақыт ішінде олар балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан жүздеген балаларға ота жасады. Жобаны Атырау балалар қайырымдылық ордені ұйымдастырып, ал «Каспий тұрба құбыры консорциумы» (КТК) компаниясы қаржылық қолдау көрсетіп отыр.

Биыл КТК 25 балаға операция жасау үшін қаржы бөледі, - дейді балалар қайырымдылық орденінің директоры Надежда КИРПИЧНИКОВА.

Операцияға мұқтаж басқа балалардың ата-аналарына емдеу ақысын өздері төлеуге тура келеді. Төлем сомасы аз емес, дегенмен де баланы Тулаға апарғаннан аз шығындалады. Балаларға Валерий НИКОЛИННІҢ басшылық етуімен Клиникалық реабилитология институтының мамандар бригадасы операция жасайтын болады.

Ата-аналардың қаперіне: операциялар әдеттегідей облыстық балалар ауруханасының ғимаратында емес, облыстық аурухананың онкологиялық бөлімшесінде өткізілетін болады. Анықтама алу үшін Атырау балалар қайырымдылық орденіне (8701) 154 42 19, (8701) 605 52 63 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.