Атырау, 26 қараша 08:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Қала қысқа дайын»

2 030 просмотра

9 қазанда қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ «АЖ»-ға ЖЭО жүйесіне енгізілген 724 үйдің 720-сына жылу қосылғанын хабарлады. Сонымен қатар, біз «Атырау жылу жүйелері» АҚ (АЖЖ) президенті Нұрадин ШАМШАТОВТАН мәліметтер сұраған едік.

АЖЖ басшысының айтуынша, үстіміздегі жылдың 11 қазанындағы мәліметтер бойынша 426 үй мен 110 заңды тұлға жылу жүйелеріне қосылған. Соның ішінде 28 мектеп, 19 балабақша, 6 емхана, 7 аурухана және т.б. бар. Алты тұрғын үй шаю жұмыстарынан өтпеген. Қазір оларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дайын болуына қарай оларға шаю жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйелеріне қосылатын болады.

– Білім беру және денсаулық сақтау нысандары, АЖЖ мәліметтері бойынша, гидравликалық сынақтан түгелдей жақсы өткен. Қала бойынша қыста тек бірнеше өнеркәсіптік нысандар ғана жылытылмайды. Олардың қожайындары қаржыларын үнемдегендіктен, АЖЖ қызметінен бас тартқан болатын, - деп хабарлады Н. Шамшатов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қазан 2013, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.