Атырау, 26 қараша 09:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ұңғылар мен ақша

1 997 просмотра

«Қару» алдын алу шарасының әрекет ету мерзімі 31 қазанға дейін ұзартылды. Осы шара аясында тұрғындардан тіркелмеген оқ-дәрімен атылатын қаруды ақылы түрде алу жүргізіледі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, алдымен «Қару» шарасы басталғалы (1 қыркүйекте) азаматтардан 135 өтініш түскен. Соның негізінде 170 бірлік дәрімен атылатын қару, соның ішінде иір ойықты 8 қару қабылданған. 70 ұңғыны сараптау нәтижелері бойынша материалдар бухгалтерияға төленуге жіберілді. 14 қару үшін қожайындарына барлығы 400 мың теңге төленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қазан 2013, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.