Атырау, 26 қараша 08:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қоқыс жәшіктері жетіспейді

1 966 просмотра

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау мен Құлсары қалаларында қоқыс шығаратын көліктер санын нормативке жет-кізуді талап етіп отыр.

Облыстық санитарлық тазарту және абаттандыру штабының отырысында СЭС өкілі Атырауда бүгінгі күні көппәтерлі үйлердің 63-інің жертөлесін су басып кеткенін (көктемде 26 болатын), оларды құрғату кестесінің жоқ екендігін хабарлады. Атырауда норматив бойынша қажетті 3 200 қоқыс контейнерінің тек 2 070-і ғана орнатылған. «Арнаулы автобаза» КМК-де қоқыс шығаратын 30 көлік бар, ал ол 56 болуы тиіс. Құлсары қаласында да осындай жағдай. Ол жерде қоқыс шығаратын 16 көлік жүреді, ал норматив бойынша 27 болуы тиіс. Қала бойынша 559 қоқыс контейнері қойылған, ал ол 3,5 есе көп болуы тиіс.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.