Атырау, 22 қараша 21:16
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Үш жүз жылдық ұйқы

4 999 просмотра

Қайырғали Смағұлов аллеясынан жергілікті мүсіншілердің өздерінің үздік туындыларын қалай жасап жатқанын көзбен көруге болады.

Бір аптадан бері бұл жердің ауа-райының құбылғанына қарамастан, шаңын көтере, қолбалталарын тарсылдата мүсіншілер жұмыс жасауда. Әр адамның бұл процесстің қалай жүріп жатқанын келіп көруіне, сұрақтар қойып, болашақ мүсінге қатысты өз ұсыныстарын жасай алады.

Шикізаттар – ракушеблок үйіндісі Бейнеуден әкелініпті. Олар туындыгерлердің пікірінше, өз идеяларын жүзеге асыру үшін ең жақсы материал екен.

Кезінде Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген Серік МАТЕНИЯЗОВ, көркемөнер білімі бар (Шымкент пединститутының көркем-графикалық факультеті) өзінің шәкірті әрі жары Ләззат МАМЫРОВАМЕН бірге «Ұйқы» деп аталатын композицияны жасауда.

– Бұл мүсінді жасау идеясы 10 жыл бойына ойымда жүретін, - дейді мүсінші. – Түрлі көрмелерге қатысқан өз жұмыстарымның көбіне осы идеяны жүзеге асырдым, бірақ мұндай көлемде алғаш рет жасауым.

Бұл не сонда?

– Біреуі жұмыртқаны көрсе, басқалар адамның бет-жүзін көреді, үшіншілері мүлдем басқаны айтады. Бұл жақсы құбылыс. Мүсін түсінікті, айқын болса, ол қызық емес. Онда жұмбақ болуы тиіс. Мен көптеген материалдардан мүсін жасадым. Мәселен, осы аллеяда тұрған Смағұловтың бюсті. Гранит - өте ауыр материал, мен оны үш айдан астам уақыт жасадым. Ал ракушеблок – жұмсақ, икемге келгіш. Алайда оның ерекшелігі бар: судың, суықтың, ыстық пен желдің әсерінен ол беріктене түседі. Менің «Ұйқым» үш жүз жылдай тұрады, содан соң бүкіл жер бетіндегідей біртіндеп бұзыла бастайды деп ойлаймын. Бірақ біздің ғасырымызға жетеді.

Жандарында, балғасын тоқылдатып тағы бір мүсінші Нұрсұлтан ҚАЛИЕВ өз жұмысын жасап жатыр.

– Менің шығармамды суреттеу өте қиын, - деп әңгімесін бастады ол. - Әр бұрыштан торсықты, түйені, қызды, домбыраны, шаңырақты көре аласыз...

– Мама, аққуды қарашы! – деп айқайлады жанына өтіп бара жатқан сәби.

– Жоқ, бұл кептер ғой...

– Әр адам өзінше көреді, - деп күлген ол сөзін жалғастырды. – Бізде немқұрайлы жандар жоққа жақын, бұл қуантады. Әр адам тоқтап, өз пікірін айтып, кеңес береді... Біз бұған әзілмен қараймыз. Қалай дегенмен де тырысамыз.

Айта кету керек, жақын күндері жергілікті сазгер Бейбіт МЕҢДІҒАЛИЕВ та таспен жұмыс жасауды бастамақ. Иә, сазгер өзін жаңа шығармашылық тұрғыда байқауды жөн көріпті. Ол қызыл балыққа арналған ескерткіш жасау идеясын жүзеге асыруды көптен бері ойлап жүр. 

Мен өз жобамды сәулетшілермен талқыладым, олар мақұлдады, - деп қуанады ол. – Тасқа екі бекірені, ортасына банкаға салынған уылдырықты бейнелеп, ал астыңғы жағына «Ризашылықпен Атырау қаласының тұрғындарынан» деген жазу қалдырғым келеді.

Қызыл балықтың көп ұзамай ғайып болатынын ескерсек, бұл жерде «Қош болыңдар, барлығы үшін рахмет» деген сөз көбірек келіңкіреген болар еді деген ойға қалдым.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

12 қазан 2013, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.