Атырау, 7 қараша 14:50
 дождьВ Атырау +5.7
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Экология

Атырауда бекіре балық өсірушілерге 22 келі уылдырық берді Экология

Атырауда бекіре балық өсірушілерге 22 келі уылдырық берді

22 сәуірде Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында салмағы 148 келі болатын аналық бекіре балығынан табиғи жолмен 22 келі уылдырық алынды. Оны балықшылар 1 наурызда Жайықтан аулап алған еді. Сурет 23 сәуір 2020, 14:58 6 325 рет қаралды
Экологтар ТШО зауытындағы шығарындының қаншалықты зиян екенін тексереді Экология

Экологтар ТШО зауытындағы шығарындының қаншалықты зиян екенін тексереді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Атырау облысының экология департаменті ТШО-ға күкіртті газдың шығарылу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізетінін хабарлады. Нәтижесі қосымша хабарланады. Бейнежазба 21 сәуір 2020, 16:11 4 684 рет қаралды
Қиғаштың жағдайы жаман емес Экология

Қиғаштың жағдайы жаман емес

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазбадағы су айдынында дамылсыз шоршыған балықтың көптігінен көз қуанады. Балықтың дені – қаракөз. Бұған көпшілік таңырқап, қуанып, мұндай сұлулықтың қай жерде екенін білгісі келіп, сауалдар қоюда. Сөйтсек, бұл Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені екен. Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ өз комментарийінде толығырақ түсіндірді. Бейнежазба 20 сәуір 2020, 14:56 6 567 рет қаралды
Теңізде будақтаған сары түтін – ТШО комментарийі Экология

Теңізде будақтаған сары түтін – ТШО комментарийі

Әлеуметтік желілерде Теңіз кенішіндегі технологиялық қондырғылардың бірінен қалың сары түтін будақтап шығып жатқан бейнежазба таралып жатыр. «AЖ» ТШО-ның баспасөз қызметіне хабарласып, төмендегіше жауап алды. Бейнежазба 20 сәуір 2020, 14:20 5 693 рет қаралды
Теңізде өрт шықты Экология

Теңізде өрт шықты

Бүгін, 5 наурызда, күндізгі уақытта Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауыты аумағында өрт шықты. Белгісіз адам қою қара түтінді бейнежазбаға түсіріп, «Теңізде жарылыс болды. Өртеніп жатырмыз!» деп үрей туғызды. Бейнежазба 5 наурыз 2020, 23:32 7 727 рет қаралды
Экология министрі балықшыларды қуантты Экология

Экология министрі балықшыларды қуантты

Отандық балық және балық өнімдері нарығының көлемі екі есе – қазіргі 66 мыңнан 120 мың тоннаға дейін - артуы мүмкін. Бұл туралы Атырауда өткен кеңесте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзом МЫРЗАҒАЛИЕВ мәлімдеді. 3 наурыз 2020, 13:02 4 274 рет қаралды
Сасық сайдың қаңтардағы «жетістігі» Экология

Сасық сайдың қаңтардағы «жетістігі»

«Қазгидромет» РМК сайтында биыл қаңтар айындағы атмосфералық ауаның ластануы туралы айлық бюллетень жарияланды.  Елдегі ауа ластануының ең жоғарғы көрсеткіштері тіркелген 66 фактінің 25-і Атырауға тиесілі және ол 6,7,15,17  және 18 қаңтарда болған. 26 ақпан 2020, 10:48 3 046 рет қаралды
Жайықтың түбіне су қоймалары мен бөгеттер жетеді Экология

Жайықтың түбіне су қоймалары мен бөгеттер жетеді

Ресейдің гидрологиялық институтының болжамы бойынша, 2010-2040 жылдар аралығында Жайық өзенінің жылдық ағысы нормадан 10%-ға артып, жылдың суық кезеңінде климат жылып, ылғалдылық көбейеді. Алайда осы уақыттың алғашқы он жылдығы өтсе де, Атырауды суға қарық қылмады. 24 ақпан 2020, 12:50 5 141 рет қаралды
Жоғарыдан бәрі көріне ме? Экология

Жоғарыдан бәрі көріне ме?

Атырауда Қазақстан және Ресей ғалымдары ұшақпен бақылау арқылы есепке алынған итбалықтың алдын-ала көрсеткіштерін бұқараға жария етті. Естеріңізге салсақ, ұшақпен шолу жасауды  2005-2012 жылдар аралығында  NCOC ұйымдастырып, қаржыландырған еді. Кейін түрлі себеппен итбалықты есепке алу жұмысы тоқтап қалды. Ал биыл қайта қолға алынды. 24 ақпан 2020, 12:17 3 672 рет қаралды
Ұшақпен ғана құртуға болады Экология

Ұшақпен ғана құртуға болады

Африкадағы Джибути, Сомали, Эритрея және Эфиопия елдерінде қазір шегіртке аса көп мөлшерде қаптап кеткені байқалады. Бұл жақсы емес. Тойымсыз жәндік өсімдіктің қай түрін де таңдамай опырады. Бұл сол елдерді аштыққа жеткізіп, коронавирустан да бетер өлімді көбейтуі мүмкін.  Осы ретте, Қазақстанда, оның ішінде біздің өңірдің жағдайы қалай? 21 ақпан 2020, 14:44 3 684 рет қаралды
Сарыөзектегі апат: экожүйе зардап шекті ме? Экология

Сарыөзектегі апат: экожүйе зардап шекті ме?

Сарыөзек арнасының үстінен өтетін кәріз коллекторының жарылуынан болған коммуналдық апаттан кейін Атырау тұрғындары бұл су Жайыққа жете ме деп алаңдай бастады. Естеріңізге сала кетсек, 10 ақпанда кешқұрым Сарыөзек елді мекені маңында «Атырау Облыстық Су Арнасы» КМК-нің кәріз құбыры жарылды.  Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, апат 11 ақпанға қараған түні сағат 01:00-де жойылды.  15 ақпан 2020, 17:57 4 571 рет қаралды
Қаламқас қасымызда Экология

Қаламқас қасымызда

Биыл 13 наурызда Маңғыстау облысының Қаламқас кенішінде ұңғымалардың бірін бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылады. Ал 22 мамырда су-газ қоспасы (грифон) қайта атқылап, қоршаған ортаға орасан зор зиянын тигізді. Грифонның қаупі қандай және Атырау өңіріндегі мұндай төтенше жағдайдың болу ықтималдылығы қаншалықты жоғары? 3 маусым 2019, 18:00 5 199 рет қаралды
Шіріген жұмыртқа иісі тек бізде емес екен Экология

Шіріген жұмыртқа иісі тек бізде емес екен

«Қазгидромет» Қазақстан қалаларындағы 2018 жылғы ауа сапасының бақылау қорытындысын жариялады. Атмосфераның ластануы жағынан Атырау қаласы екінші орында тұр екен, ал бірінші орын Өскемен қаласына бұйырған. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында бір жылда 1530 ең жоғарғы және 64 экстремалдық жоғары ластану оқиғасы орын алған болса, мұнайлы астанада бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 1102 және 177-ге жеткен. Батыс пен Шығыс аймақтарын байланыстыратын тағы бір нәрсе – екі қаланың тұрғындары да күкіртсутегімен уланып отыр. 16 сәуір 2019, 17:12 6 473 рет қаралды
АМӨЗ-ге қалдық сулар үшін айыппұл салынды Экология

АМӨЗ-ге қалдық сулар үшін айыппұл салынды

Атырау облыстық экология департаменті экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін АМӨЗ-ге 31,5 млн теңге айыппұл салды. Департаменттің жоспардан тыс тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша зауытқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 331-бабы («Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау») және 328-бабына («Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi») сәйкес әкімшілік істер қозғалды. Бірінші бап бойынша айыппұл 252 500 теңге, екінші бап бойынша – 31 374 501 теңге. 12 сәуір 2019, 15:33 4 915 рет қаралды
Жайықтағы ұлулардың да жағдайы нашар Экология

Жайықтағы ұлулардың да жағдайы нашар

Өткен аптада жергілікті экология жанаршырлары Жайық жағасынан қосжақтаулы ұлулардың бос бақалшақтарын тауып алып,  өзен органикалық ластанудан тазартатын биосүзгілерден айырылып жатыр деп дабыл қақты. «Бұл жақында болған балықтың қырылуымен байланысты емес пе екен?» деген заңды сұрақ туындайды.  3 сәуір 2019, 16:34 4 939 рет қаралды
Тағы да сасық иіс Экология

Тағы да сасық иіс

«АЖ»-ға белгісіз газдың және шіріген жұмыртқаның иісіне шағымданған Атыраудың бірнеше тұрғыны хабарласты. Олардың айтуынша, 13-14 наурызда экологиялық ахуал нашарлаған. «AЖ» экология департаментінен тексеру жүргізіп, мониторинг станцияларындағы сол тәуліктердің деректерін ұсынуды өтінген еді. Алайда бұл ұсыныс қабыл алынбады. 17 наурыз 2019, 19:47 3 814 рет қаралды