Атырау, 21 желтоқсан 03:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жайық құрып барады – суреттер сөйлейді

Сурет Бейнежазба
7 369 просмотра

23 желтоқсанда Атырау қаласында  Жайық өзені бойында өткен экспедиция жұмысын қорытындылаған «Жайықты сақтап қалайық» атты фотокөрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

-Экспедиция құрамында ғылыми қызметкерлер, шетелдік және республикалық кәсіби фотографтар болды. 30 тамыздан 7 қыркүйекке дейін олар 2 мың шақырымды алқымдап, өзеннің қазіргі ахуалын зерттеді. 5 мыңға жуық фотосурет түсірілді, - дейді «National Geographic Qazaqstan» журналының бөлім басшысы Нұрсұлтан СӘДУАҚАСОВ. – Экспедицияның басты мақсаты - Жайықтың қазіргі мүшкіл халіне билік пен қоғамның назарын аудару. 

Нұрсұлтан СӘДУАҚАСОВ

Көрмеде отандық және шетелдік фотосуретшілердің түсірген 30 экспозициясы ұсынылды. Онда Жайық өзенінің балығын, жағалауындағы құстар мен аңдарды түсіріп, таңғажайып табиғи сұлулығын көрсеткен. Кейбір суреттерде Жайықтың тайыздығы, қайраңдар пайда болып, жағалаудағы өсімдіктердің қурағаны анық көрсетілген.

- Жайықтың мүшкіл халін көрсету үшін биыл біз «National Geographic Qazaqstan» журналымен бірге фотокөрме ұйымдастыруды ұйғардық. Қазіргі уақытта атқарушы органдар бұл мәселемен айналысып жатыр. Өзеннің жағдайы жақсарады деп сенгіміз келеді, - дейді «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ атқарушы директоры Миллат ҚАРАБАЛИН.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция жұмысы кезінде судың, топырақтың сынамалары алынып, өзеннің тереңдігі өлшенді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мониторингтік зерттеу жүргізілді, жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастырылды.


Фархат ӘБІЛОВ 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

24 желтоқсан 2019, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.