Атырау, 5 желтоқсан 08:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда бекіре балық өсірушілерге 22 келі уылдырық берді

Сурет
5 659 рет қаралды

22 сәуірде Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында салмағы 148 келі болатын аналық бекіре балығынан табиғи жолмен 22 келі уылдырық алынды. Оны балықшылар 1 наурызда Жайықтан аулап алған еді.

Тұқымды уылдырықтарды құрт болғанға дейін инкубациялау үшін «Осетр» аппаратына орналастырады, кейін бассейінде одан әрі жетіледі,  сосын балық өсіру көлшіктеріне жайғастырылады. Көлшікте өскен шабақтар шілде-тамыз айларында табиғи ортаға, яғни Жайыққа жіберіледі.

-Балықтың жағдайы жақсы, жақын арада ол Каспий теңізінің аузына жіберіледі, - деп хабарлады зауытта.

2020 жылы балық өсіру науқаны басталғалы бері Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты 57 бекіре тұқымдас аналық  балық ұстады. Қазақстанда биыл бағалы балық түрлерінің 75 млн дана шабағын  табиғи ортаға шығару жоспарланған еді, соның ішінде 7 млн данасы бекіре тұқымдас түрлері.


Фархат ӘБІЛОВ 

ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі  комитетінің баспасөз қызметі ұсынған сурет

23 сәуір 2020, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.