
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Атырау облысының экология департаменті ТШО-ға күкіртті газдың шығарылу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізетінін хабарлады. Нәтижесі қосымша хабарланады.
Естеріңізге салсақ, 19 сәуірде КТЛ (кешенді технологиялық желілер) зауытындағы қондырғылардың бірінде қысым жоғарылап, нәтижесінде объектінің технологиялық жобасына сәйкес артық газ түтін мұржасынан шығарылған еді.
ТШО-ның баспасөз қызметінің хабарламасынан белгілі болғандай, сағат 15:12-де С-511 пешіндегі қысым көтеріліп, оны азайту үшін байпас желісі ашылды. Нәтижесінде күкіртті газ мұржадан шығарылды. Айналмамен жіберу 20 минутқа созылды.
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА