Әлеуметтік желілерде Теңіз кенішіндегі технологиялық қондырғылардың бірінен қалың сары түтін будақтап шығып жатқан бейнежазба таралып жатыр. «AЖ» ТШО-ның баспасөз қызметіне хабарласып, төмендегіше жауап алды.
«ТШО 19 сәуірде КТЛ (кешенді технологиялық желілер) зауытындағы қондырғылардың бірінде қысымның жоғарылап, нәтижесінде объектінің технологиялық жобасына сәйкес артық газдың түтін мұржасынан шығарылғанын растайды. Барлық жедел емес персонал қауіпсіздік техникасына сәйкес жинау орындарына эвакуацияланды. Көп ұзамай жағдай қалпына келді, қызметкерлер жұмыстарына оралды. Оқиға себептері анықталып жатыр».
Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба