Атырау, 21 желтоқсан 03:05
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жем өзеніне су аз келетіні Жылыойды алаңдатуда

3 282 просмотра

Мамандардың айтуынша, Мұғалжар тауындағы табиғи қар суымен толығып отыратын Жем өзеніне биыл су аз келеді. Бұл жылойлық малшы мен егіншілерге едәуір қиындық туғызатыны сөзсіз.

Жем өзенінің жалпы ұзындығы 712 км болса оның 500-і Ақтөбе облысына, ал 212-сі Жылыой ауданына тиесілі. Өзен бойында бүгінде су жүруде, бірақ аз келіп тұр.

-Біз көршілес ақтөбеліктерімен күнбе-күн хабарласып отырмыз. Естуімізше таудың басында қалың қар қалмаған, тек жыра, сайларда аз ғана байқалады, - дейді Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВ. - Енді тек сол аз ғана су үзілмей келіп тұрса дейміз, мысалы, екі жыл бұрын сол аз ғана су да тиылып қалды - шаруашылықтар мал суару үшін суды Құлсары қаласынан тасып отырды. Қазір Жемнен «қызыл су» үш бағытта келуде -  Құрсай өзегіне (Қамыскөлді толтыру көзделуде), Қосшағыл және Шоқпартоғай ауылдық округтері.

-Былтырдан бері Құрсай өзегінде тазарту жұмыстары жүруде. Мұның қаншалықты пайдасы бар?

-Бұрын суды Қамыскөлге жеткізудің өзі мұң болатын. Жасалған жұмыстар оң нәтижесін береді деп үміттенеміз.. Оның үстіне жауын-шашын көп түссе, шабындықтар ылғалсыз қалмас еді.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 сәуір 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.