Атырау, 5 желтоқсан 08:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Теңізде өрт шықты

Бейнежазба
7 369 рет қаралды



Бүгін, 5 наурызда, күндізгі уақытта Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауыты аумағында өрт шықты. Белгісіз адам қою қара түтінді бейнежазбаға түсіріп, «Теңізде жарылыс болды. Өртеніп жатырмыз!» деп үрей туғызды.

-5 наурызда шамамен сағат 16.00 ТШО-ның  төтенше жағдай операторына Үшінші буын шикі газ айдау қондырғысының құрылыс алаңында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі. – Жедел түрде оқиға орнына ТШО өрт сөндіру-апаттық  қызмет  мамандары жіберілді.

Сағат жарым уақыттан кейін өрт толықтай ауыздықталды. Қызметкерлерден зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.  



Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежезба әлеуметтік желіден алынды


5 наурыз 2020, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.