Атырау, 21 желтоқсан 02:54
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ұшақпен ғана құртуға болады

3 198 просмотра


Африкадағы Джибути, Сомали, Эритрея және Эфиопия елдерінде қазір шегіртке аса көп мөлшерде қаптап кеткені байқалады. Бұл жақсы емес. Тойымсыз жәндік өсімдіктің қай түрін де таңдамай опырады. Бұл сол елдерді аштыққа жеткізіп, коронавирустан да бетер өлімді көбейтуі мүмкін.  Осы ретте, Қазақстанда, оның ішінде біздің өңірдің жағдайы қалай?

-Бізде бәрі бақылауда, - деп сендірді "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Атырау облыстық филиалының директоры  Хамидолла ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ – Африкада құтырып тұрған мысыр шөлінің шегірткесі. Ол бізге қауіпті емес.

Күзде Атырау облысы аймағын зерттегенде Исатай және Құрманғазы аудандарында 5 450 гектар жерге итальяндық тарақан және азия шегірткесі жұмыртқа салғаны белгілі болды. Бұл былтырғы пестицид қолданылғанға дейінгі көрсеткіштен аз. Сол кезде зиянкестер 8 мың гектар жерге жұмыртқа тастаған.

ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің аумақтық департаменті хабарлағандай, бұл аймақ елсіз, шалғайдағы теңіз жағалауы мен құмдарда жатыр, яғни, жер үстімен бару қиын. Осыған байланысты министрлікке жеңіл авиация қолдану туралы тапсырыс жолданды. Олар Нұр-Сұлтанда өтетін тендердің қорытындысын күтіп отыр.  

Шегірткенің мамыр-маусым айларында ұйқыдан оянатыны белгілі. Әзірге қанаттанбай тұрғанда, оларды улап тастау керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

21 ақпан 2020, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.