«Қазгидромет» РМК сайтында биыл қаңтар айындағы атмосфералық ауаның ластануы туралы айлық бюллетень жарияланды. Елдегі ауа ластануының ең жоғарғы көрсеткіштері тіркелген 66 фактінің 25-і Атырауға тиесілі және ол 6,7,15,17 және 18 қаңтарда болған.
Осы жағдайдың барлығында ЖЭО маңында орналасқан «Вест дала» ауа сапасын қадағалау станциясы «дабыл қақты». Желдің бағытына қарап, экологтар жағымсыз иіс Сасық сайдан шыққанын анықтады.
Құрылғылар ауада күкіртсутегі шектеулі-рұқсатты шоғырлану мөлшері 10-28 есеге көбейгенін көрсеткен. Бақылау нәтижелері туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне хабарланды.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ