Атырау, 20 қыркүйек 18:25
 ашықВ Атырау +10
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 5 айы ішінде қаржы полицейлері 50 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады. Сотқа 44 қылмыстық іс жолданды. Олар бойынша мемлекетке 229 млн. теңге зиян келтіріліп, оның 224 млн-ы өндіріліп алынған. Көбінесе сыбайлас жемқорлық ауыл шаруашылығы, білім беру және мемлекеттік нысандар құрылысы саласында кездеседі. 23 маусым 2011, 16:53 2 270 просмотра
Келесі кезек кімдікі? Спорт

Келесі кезек кімдікі?

«Атырау» дене шынықтыру кешенінде жыл сайын бір ахуал қайталана береді. Маусым басталар алдында керемет  міндеттер қойылып, айбынды сөздер айтылады да, кезекті  бас бапкер кешікпей өз орнынан кетеді. Бұл жолы да осылай болды. 23 маусым 2011, 19:36 3 327 просмотра
Экология

“Жайық тасыды дегенше, байлық тасыды десейші”

Кезінде бабаларымыз осылай деп мақалдаған екен. «Балық шаруашылығының Қазақ  ҒЗИ» ЖШС облыстық филиалының ғылыми-хатшысы Елена БОКОВАНЫҢ айтуынша, көктемнің ерте түсуі уылдырық шашу температурасының басталуына және шабақтардың жетілуін жеделдетуге мүмкіндік туғызды. 23 маусым 2011, 19:34 3 762 просмотра
Экология

«Жобамыз экологиялық тұрғыда пайдалы»

«АЖ»-тың 2 маусымындағы санында «Дөңгелек үстелдегі жекпе-жек» деп аталатын Жайық-Каспий Орхусс орталығында біздің компаниямыздың бастамасымен өткізілген «дөңгелек үстел» туралы мақала жарияланған еді. Біз Доссор поселкесіндегі күкірт терминалына байланысты бірқатар жайттарды айқындап, біздің кәсіпорынның айналасында қалыптасқан жағымсыз ақпарат легін өзгертуді мақсат етіп қойған едік. Мақалада айтылмаған «дөңгелек үстелдегі» біздің дәлелдеріміз туралы айтқым келеді. 23 маусым 2011, 00:02 3 286 просмотра
«Ғажайыптар әлемі» жанданбақ Қоғам

«Ғажайыптар әлемі» жанданбақ

Әр жаз сайын ата-аналар балаларын қайда апарсақ екен деп бастарын ауыртады. Қалада ашық жерде ірі аттракциондар жоқ. Сауда орталықтарының жандарында және алаңдарда түсі оңып кеткен батуттар ғана бар. Жеңіс саябағында орналасқан жалғыз ғана «Ғажайыптар әлемі» ойын-сауық кешенінің жұмыс істемей қалғанына бірнеше жыл болды. Алайда қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер кешенді жыл аяғында ашу жоспарланып отырғандығын хабарлады. Ұзын-сонар қоңыраулар мен келіссөздерден кейін, бұрынғы және қазіргі директорлармен тілдесудің сәті түсіп, кейбір жайттарға қанық болдық. 23 маусым 2011, 01:14 4 087 просмотра
Экология

«Мәліметтер нақты болуы тиіс»

«АЖ»-та Н.Селянинованың «Ақиқатын айтайық» деген мақаласы жарық көрді. Онда: «ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің зоология институтының және мемлекеттік «Ақ Жайық» резерваты орнитологтарының мәліметтері бойынша, Приморск каналының маңында Қызыл кітапқа енген құстар: қарабай, кішкене аққұтан, сыбырлақ аққу және т.б. құстар азықтанатын және ұя салатын жерлер бар екен. «Ақ Жайық» резерваты мониторингісінің мәліметтері бойынша, негізінен 2010 жылы Приморск каналында мекендейтін ондатр мен жанат тәрізді иттер саны 2 есеге азайған» делінген. 23 маусым 2011, 01:07 4 012 просмотра
Басқа жаңалықтар

Бизнесмендерге арналған бастауыш мектеп

«Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, бастысы - алғашқы қадам жасау. Алайда оны да жасау оңайға түспейді. Аса табысты болмаса да өзіңнің шағын бизнесіңді қалай бастау керек? Осы мәселе Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының төртінші бағыты «Бизнес Кеңесші» бағдарламасы бойынша өткізілген жедел курстарда талқыланды. 23 маусым 2011, 19:42 3 112 просмотра
М. Хакимов: «Каспийден айырылсақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді» Экология

М. Хакимов: «Каспийден айырылсақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді»

АМӨЗ басшылығының шақыртуымен мәслихаттың, баспасөздің және ҮЕҰ өкілдерінің бір  тобы Ульсан қаласындағы мұнайды терең өңдеу технологиясымен танысып қайтқан еді (дәл осындай өндірісті АМӨЗ-де жасақтау жоспарланған). 16 маусым 2011, 16:19 3 214 просмотра
Сандық шеберінің сыры Қоғам

Сандық шеберінің сыры

Ербол БАЙЛАУОВТЫҢ отбасында Жаңа Жыл иісі аңқып тұрады деп жиі айтады. Жыл мезгіліне қарамастан, олардың пәтерлерінен жас қарағайдың иісі аңқып тұрады. Таныс мерекені сездіртіп тұратын да сол. Сондай-ақ, қарағай иісі отағасының кезекті сүйікті жұмысын қолға алғандығын да білдіреді. Сандық жасайтын шебер туралы Атырау мен аудандарда ғана біліп қоймай, оның туындылары басқа қалаларға да «кетіп» жатады. 16 маусым 2011, 00:59 20 045 просмотра
Гобелендегі мейірімді бейнелер Мәдениет

Гобелендегі мейірімді бейнелер

Гобеленші Анна Борисовна ДМИТРИЕНКО жайында жақын таныстарымнан естігенім болмаса, көрген емеспін. «Дина» базарындағы сауда орындарының бірінде гобелен деп аталатын қолданбалы сәндік өнердің көркем туындылары көз алдымызда жайнап жатты. Сатылымға шығарылған жарқын көріністі қолөнер бұйымдарының қасында әбден күнге күйіп, азып-тозған жіп-жіңішке ғана егде әйел елеусіз ғана отырды. Бұл – Анна Дмитриенко болатын. 16 маусым 2011, 17:06 7 950 просмотра
Атырау шынымен де жасыл баққа айнала ма? Экология

Атырау шынымен де жасыл баққа айнала ма?

Корей ғалымдарының көгалдандыру жобасы әлі күнге дейін атыраулықтарды бей-жай қалдырып отырған жоқ. Редакцияға келіп пікір айтушылар көп. Олардың арасында мамандар да бар. Біз олардың өзіне сөз бергенді жөн көрдік. 16 маусым 2011, 16:50 10 691 просмотра