Атырау, 28 қараша 18:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Мұғалімдер сұранысқа ие

2 281 просмотра

Image 0Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау бөлімшесінде өткен баспасөз конференциясында мектеп түлектерін кәсіби бейімдеу проблемасы талқыланды.

Биыл 4 828 адам мектеп бітірді. Олардың төрттен бірінің (1 252) ҰБТ-дан сәтті өтіп, жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері бар. Қалғандары орта арнаулы оқу орындарына, колледждерге құжаттар тапсыра алады. Тағы 8 527 жасөспірім 9-сыныпты тәмамдады, болжам бойынша олардың 40 пайызы колледждерде білім алуды жоспарлап отыр. Барлық түлектердің алдында – қайда барып оқыған жөн деген мәселе тұр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Атырау облысында 10 296 кәсіпорын тіркелген, олардың басым бөлігі (96,9%) шағын бизнеске жатады, қалғандары – ірі және орта бизнеске тиесілі. Оның 15,3%-ы өнеркәсіп саласында, 17,9%-ы көтерме және орта саудамен, 9,5%-ы көлік жөндеумен, 15,2%-ы білім берумен айналысады, 9%-ы көлік тасымалы және қойма қызметін көрсетеді, 7%-ы ғылыми-техникалық саламен айналысады, 6,2% – денсаулық сақтау саласында, қалғандары – экономикалық қызметтің басқа саласында. Мұнай-газ секторының өзекті мамандықтарынан бөлек, өңірге орыс тілінде оқытатын мектептерге мұғалімдер қажет. Облыста математикадан, физикадан, биологиядан, химиядан, бастапқы әскери дайындықтан, орыс тілінен сабақ беретін, төменгі сынып мұғалімдерінен 269 педагог жетіспейді. Қазақ сыныптарында мұғалімдер жеткілікті. Біздің өңірімізде оқытушыларды бірнеше оқу орындары дайындайды: Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж және 5 жеке колледждер.

Мамандық таңдаған кезде талапкерлер бірнеше жылдан кейін жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң қандай мамандықтың сұранысқа ие болатынын ойлауы керек. Бізде мұғалімдер азайып барады, бірақ педагогиканы оқуға барғысы келетіндер аз. Алайда қазір денсаулық сақтау саласындағыдай, кешікпей мұғалімдерге сараланған еңбекақы төлеу жүйесіне көшетінімізге сенімдімін, - деп есептейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН.

АМУ ректоры Бейбіт МАМРАЕВТЫҢ пікірінше, кәсіби бейімдеу мәселесі бір отбасының немесе оқу орнының проблемасы емес, мемлекеттің салмақты міндеті. АҚШ-та жастарды кәсіби бейімдеумен өткен жүзжылдықтың аяғынан бері мықтап айналысып келеді, еуропалық елдерде бұған мемлекет те, ірі корпорациялар да үлкен көңіл бөледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.