Атырау, 28 қараша 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Аудан жаңалықтары

1 697 просмотра

Жол жөнделді

Махамбет ауылы Абай көшесіндегі 4 шақырымдық жолдың күрделі жөндеуі аяқталды.

Бұл жол соңғы 50 жыл бойы жөндеу көрмеген. Ал, төрт жыл бұрын басталған жөндеу жақында ғана аяқталды.

- Биыл қосымша қаржы бөлініп, «АИС» ЖШС бір ай ішінде барлық жұмыстарды орындап үлгерді, - дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Азамат АЙМАНАКУМОВ.

***

Өрттен қорғады

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық, Жаңақала аудандарында бес күннен бергі дала өртін ауыздықтау оңай болмауда.

Қазір көршілес жатқан Атырау облысы Индер ауданында өрттің алдын алу шаралары алынуда.

- Біз шаруа қожалықтарымен бірлесе отырып, шекаралас жатқан 80-90 шақырым жерді жыртып тастадық. Бастысы, шабындыққа дейінгі жайылым жерді сақтап қалу керек, - деп хабарлады Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол ДҮЙШІМ.

***

Дәрігерлерге арналған үй

Жылыой ауданы Майкөмген ауылында екі пәтерлік үй пайдаланылуға берілді.

Бұл үй жас дәрігер-мамандарына арналған.

***

Абайлаңыз, алаяқтар!

Таяу күндері телефон алаяқтығына қатысты кезекті жағдай тіркелді.

Алаяқ әдеттегідей сызба бойынша әрекет еткен: Құлсары қаласының тұрғынына біреу телефон соғып, баласының полиция учаскесіне түсіп қалғанын хабарлаған. Және оны құтқару үшін 20 мың теңгені терминал арқылы салып жіберуін сұраған.

- Баласының дін аман екендігі және оның полиция учаскесіне түспегендігі анықталған соң зардап шегуші полицияға шағым түсірген. Алаяққа қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлімі бойынша («Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену») қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Жарас ОМАРОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.