Атырау, 28 қараша 19:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Шетелге шықпас бұрын...

2 084 просмотра

Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Асулан КАРИМОВ шетелге шығуды ойластырып жүрген Атырау халқына өтелмеген қарызының бар-жоғын тексеріп алуға кеңес береді.

Кезекті еңбек демалысы маусымында шекарада елден шығуға тыйым салынған атыраулықтар көбейген.

- Шетелге емделуге, демалуға шықпас бұрын өзіңіздің екінші деңгейдегі банктерге, коммуналдық қызметтерге, басқа да заңды, жеке тұлғаларға бережағыңыз бен төленбеген әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларыңыздың бар-жоғын Әділет Министрлігінің adilet.gov.kz сайтынан «ҚР шегінен шығуы уақытша шектелген тұлғалардың тізімі» арқылы тексеріп алып жолға шыққандарыңыз жөн, - дейді А.Каримов.

Оның айтуынша, бүгінде Атырау облысы бойынша 9 163 борышкер тіркеліп отыр. Оларға атқарушылық құжатын орындамағаны үшін шектеу қойылған. Шектеулер «Беркут» базасы арқылы қойылған, борышкерлер 1 613 атқарушылық құжатын орындап, олардан шектеулер алынып тасталды.

А.Каримовтың айтуынша, ҚР-ның 2010 жылы жарық көрген «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, сот актісін немесе басқа да уәкілетті органдардың қаулыларын орындамағаны үшін борышкерлерге әртүрлі мәжбүрлеп орындату шаралары алынады. Солардың бірі 33-бапта көзделген борышкер болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның еліміздің шекарасының сыртына шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру шарасы.

- Мемлекеттік және жеке сот орындаушының қаулысы сотпен санкцияланып, «Беркут» базасы арқылы борышкерге шектеу атқарушылық құжат толық көлемде орындалғанға дейін қойылады, - дейді А.Каримов. - Егер борышкерге шетелге емделуге баруы қажет болған жағдайда сот орындаушысы сотқа емделу уақытын көрсете отырып шектеуді тоқтата тұру туралы сотқа қаулы жолдайды.

Айнұр САПАРОВА

9 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.