Атырау, 4 мамыр 11:48
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Айгүл Дәуешева үздік нотариус атанды

2 347 просмотра

Image 0Атырауда кәсіби мереке – Нотариат күніне орай «Үздік жыл нотариусы» атағына байқау өтті.

Байқауға нотариустар Айгүл Дәуешева, Маржангүл Төлеуова, Гүлсара Жұмашева, Ләйлә Самешова, Анар Жұмағазиева қатысты. Қазылар алқасын нотариус Жайлыкерей Мұқашев басқарды. Қазылар алдында қиын міндет тұр еді, өйткені барлық байқауға қатысушылар да жақсы дайындықпен келіп, теориялық және ситуациялық тапсырмаларға жақсы жауап берді. Барлық нотариустардың да заңнама талаптарына сәйкес нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыратын кеңселері бар. Мұны олар түрлі альбомдар, буклеттер арқылы таныстырды. Сонымен қатар қатысушылар үй тапсырмасы ретінде азаматтарды қабылдауды көрініс түрінде көрсетті.

Атырау облысы бойынша «Үздік жыл нотариусы» атағын Айгүл ДӘУЕШЕВА (суретте) жеңіп алды. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жастар үлгі алатын нотариус ардагерлер де баршылық, олар да сыйлықтарға ие болды.

Атырау облысы нотариустарының жалпы жиналысының шешімі бойынша, сондай-ақ, Атырау облыстық нотариалдық палатасының ұсынысымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай Республикалық Нотариалдық палатаның ведомстволық марапаты – «Нотариаттағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен нотариат ардагері Қалыбай Мүсімұлы Сариев және Атырау нотариалдық палатасының төрағасы Гүлнәр Жұмағұлқызы Масатова марапатталды. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай Атырау облыстық Әділет департаментінің ұсынысымен Атырау нотариалдық палатасының төрағасы Г. Масатова әділет министрлігінің ведомстволық марапаты – «Әділет органдарын дайындауға қосқан үлесі үшін» медалімен, нотариаттың 80 жастағы ардагері, көптеген жылдар бойы Махамбет ауданының мемлекеттік нотариусы болған Төлеш Мырзахметов «Әділет органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.